Данияға қауқарымыз жетпеді

    Данияға қауқарымыз жетпеді

    Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Даниядан жеңіліп қалды.

    Матч Алматыда өткен болатын. Қазақстандық футболшылар ойынды сенімді бастағанымен, өз қақпасына үш гол жіберіп алды.
    Дания ойыншылары Қазақстанға тек жеңіс үшін келгенін айтқан болатын. Бірақ алаң иелері алғашқы ысқырықтан соң бірден қысым жасап, даниялықтарды састырып тастады. Скандинавиялықтар Қазақстан футболшыларынан мұндай қарқынды күтпесе керек, ұзақ уақыт бойы қорғаныста ойнады. Біздің ойыншылар сапынан Ғафуржан Сүйімбаев, Георгий Жуков пен Азат Нұрғалиев соққы жасап көрді. Бірақ үшеуіне де дәлдік жетіскен жоқ.
    Кейін қонақтардың шеберлігі байқалды. Дания ойыншылары аз шабуылдарының бірін ұтымды пайдаланып, есепте алға шықты. Сол қанаттан асырылған доп Николаи Йоргенсеннің аяғына келген, форвард мүлт кеткен жоқ – 0:1.
    Қазақстандықтар бұл голдан соң да белсенділігін жалғастыра берген. Өкінішке қарай, таймның аяғында Бауыржан Исламхан дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылып, команда жағдайын қиындатып кетті. Оның үстіне, екінші таймның басында Ақтөбе футбол мектебінің түлегі Юрий Логвиненко ойын тәртібін бұзып, Қазақстан қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Крис-тиан Эриксон дәл соққы жасады.
    Ойынның аяқталуына 15-минут қалғанда Исламбек Қуат гол соғып, үміт отын қайта жаққан еді. Алайда 81-минутта Дания құрамасының 19 жастағы шабуылшысы Каспер Дольберг қырағылық танытып, ойынның нүктесін қойды – 1:3. Дания құрамасы Алматыдан үш ұпай алып кетті.
    Қазақстан іріктеу кезеңінің "Е" тобында әлі жеңіске жетпей, соңғы орында тұр. Футболшыларымыздың еншісінде 2 ұпай бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” тағы да сүрінді
  • Қазақстан футбол құрамасы поляктардан ұтылып бара жатып, есепті теңестірді
  • Қазақстан Қытай құрамасын жеңді
  • Қазақстан құрамасы қыркүйекте Колумбияға аттанады
  • Қазақстан бесінші сатыда
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге