"Ақтөбе" "Химки" жастарын жеңді

    "Ақтөбе" "Химки"  жастарын жеңді

    "Ақтөбе" футбол клубы Ресейдегі оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізді.

    "Ақ-қызылдардың" қарсыласы ресейлік "Химки" клубы болған. Бірақ бұл команда сапында негізгі құрам емес, жастар ойнады.
    "Ақтөбе" де алаңға анау айтарлықтай мықты құрамымен шыққан жоқ. Матчқа легионерлердің ешқайсысы қатыспады. Оның үстіне, ақтөбелік футбол мектебінің жеті түлегі бұл ойында алаңға шықты.
    Кездесу басталысымен, "Ақтөбе" ойыншылары бірден допты өз бақылауына алды. Матч ресейлік клубтың жарты алаңында өтті десек те болады. "Химкидің" жастары тәжірибелірек қарсыласына азуын батыра алмады. Нәтижесінде, команда қорғаушыларының бірі айып алаңындағы қарбаласта қолмен ойнап, "Химки" қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Игорь Зенькович мүлт кеткен жоқ. Номиналды алаң иелері бұл голмен тоқтап қалмады. Үзіліске дейін қысымды ұлғайтып, екінші голын соқты. Бұл жолы қаралымға келген ойыншы көзге түсті. "Химки" қорғаушыларының қателігінен соң қаралымдағы легионер сәтті ойнап, қанжығасын майлай алды.
    Артынша, Ақтөбе футбол мектебінің түлегі Асланбек Кәкімов гол соққан болатын. Алайда қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, бұл гол есепке алынған жоқ. Есесіне, басқа бір ақтөбелік гол соқты. Кирилл Шестаков қорғаушылар арасынан бір паспен Бағдат Қайыровты қақпашымен бірге-бір шығарған. Қорғаушы салқынқандылық танытып, дәл соққы жасады – 3:0.

    Осылайша, "Ақтөбе" Ресейдегі оқу-жаттығу жиынында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
    Ойыннан кейін команданың бас бапкері Владимир Мұханов жиынның қалай өтіп жатқанына тоқталды.
    - Біз мұнда күніне екі рет жаттығу жасаймыз. Мақсатымыз – ойыншылардың деңгейін көтеріп, қорғаныс пен шабуылдағы ойынды бір ретке келтіру. Жалпы, ойыншылардың шамасы 65-70 минутқа толық жетіп тұр. Кей нәрселерді дұрыс жасайды. Бірақ қарапайым сәттерде қателіктер жібереді. Олар өз күштеріне сеніп, тактикалық тұрғыда нәтижелі ойнағандарын қалаймыз, - деді бас бапкер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • "Ақтөбе" жастары қатарынан екі ойында жеңді
  • "Ақтөбе" "Химкидің" жастарымен ойнайды
  • “Ақтөбе” оқу-жаттығу жиынында “СКА Хабаровск” командасын жеңді
  • Жаңа маусымдағы жаңа жиын
  • Қазақстан жастары қырғыздарды екі рет жеңді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге