“АҚТӨБЕ” “ҚАЙРАТТЫҢ” ЕКІНШІ ҚҰРАМАСЫНАН ЖЕҢІЛДІ

    “Қайраттың” Аршавин, Исламхан, Иличевич секілді негізгі құраманың үздік ойыншылары жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Бірақ соның өзінде “Ақтөбе” 1:2 есебімен ұтылып қалды.

    “Ақтөбенің” жеңісіне бәрі күмәнмен қарады. Тіпті букмекерлік кеңселер де ақ-қызылдардың жеңісіне 5,1 коэффицент беріп отырды. Яғни команданың жеңіске деген мүмкіндігі азая берген сайын, оның коэффиценті ұлғая береді. Ал “Қайраттың” жеңісіне 1,7 коэффицент ұсынылды.
    Бұл түсінікті жайт. Себебі “Қайрат” жарыс кестесінің екінші орнында орналасқан. Ал “Ақтөбе” екінші лигаға “ұшуға” дайын тұр.
    Дегенмен “Қайраттың” Аршавин, Исламхан, Иличевич, Маркович, Қуантаев секілді негізгі құрам ойыншылары жарақатына байланысты алаңға шықпады. “Ақтөбе” жеңбесе де, ойын тең дәрежеде өтеді деп күтілді. Алайда, “Қайрат” ойын басталғалы бірден шабуылға кірісті. Соның нәтижесінде ақтөбеліктер ойын ережесін бұзуға мәжбүр болды. Алдымен Нейн сары қағаз алды, кейін төреші Шестаковқа да ескерту берді.
    Ойынның 12-минутында Жерар Гоу “Ақтөбе” үшін қауіпті жағдай туғызды. Ол екі қорғаушыны айналып өтіп, гол соғайын деп жатқанда, Сидельников құтқарады. Исаэль допты қақпаға қарай қайта бағыттайды, бірақ Сидельников жерде жатып, допты қағып алды.
    Алматылық ойыншы Елдос Ахметов өзінің клубтасы Исламбек Қуатқа пас береді. Содан кейін “Ақтөбе” ойыншысы Джозеф Нейн Исламбектің аяғын шалып қалады. Мұны көрген төреші Атажанов пенальти белгіледі. Сидельников қақпаның оң жағына қарай секірді, бірақ доп сол жақпен кірді. Есеп — 0:1.
    Әрмен қарай “Қайрат” ойын қарқынын бәсеңдетті. Бірінші таймда бір голдан басқа ешқандай өзгеріс байқалмады.
    Екінші таймда ақ-қызылдар белсенділік танытты. Ойынның 50-ші минутында Кирилл Шестаков пас алып, есепті тең қылды. Голдан кейін “Ақтөбе” өзінің басымдығын күшейте берді. Савич қақпашымен бірге-бір шығып, допты Покатиловтың қолына дәл салып берді.
    Ал Муаремнің соққысынан кейін доп маңдайшаға тиді. Алматылық футболшылар ойынның соңында ғана есін жия бастады. Исламбек Қуат алыс қашықтықтан соққы жасады, бірақ Сидельников қайтадан өз командасын құтқарып қалды.
    77-ші минутта Георгий Жуков “Ақтөбенің” екі қорғауышысынан өтіп, допты қақпаға қарай айналдырып соқты. Есеп — 1:2. Ойын соңында Жерар Гоу “Ақтөбенің” қақпасын тағы бір рет теспек болды. Бірақ Сидельников шеберлік көрсетті. “Ақтөбе” қанша тырысқанмен есеп өзгеріссіз қалды.
    Айта кетейік, “Ақтөбе” футбол клубы жарыс кестесінде 11-ші орында орналасқан. Ендігәрі клубтың 11 ойыны қалды, бесеуі үйде, алтауы сырт алаңда.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” ең соңғы орында
  • “Ақтөбе” соңғы минуттарда жеңіліп қалды
  • Сырт алаңдағы алғашқы ойында есе жібердік
  • “Ақтөбе” клубы “төрешінің қателіктерін” жариялады
  • “Ақтөбе” ФК сырт алаңда жеңіске жете алмады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге