Тұңғыш рет Ақтөбе қаласында триатлоннан жарыс өтпек

    Сайысқа қатысу үшін үш адамнан құралған команда жинауыңыз қажет. Бұл туралы қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров хабарлайды.

    Жарыс 19 тамызға жоспарланған. Триатлон үш спорт түрінен құралған: жүзу, велосипедпен жарысу және жүгіру. Негізінде осының бәрін бір адам бағындыру тиіс. Алайда қалалық спорт бөлімі мұндай аса ауыр жүкті тұрғындар көтере алмауы мүмкін деп ойлайды. Сондықтан триатлон эстафета ретінде өтеді. Яғни бір адам жүзеді, екіншісі велосипед тебеді, ал үшіншісі ұзақ қашықтыққа жүгіреді.
    Сайыс сағат 10:00-де Саяхат ауылында (Ақтөбе су қоймасында) басталады. Бірінші кезеңі — 200 метрге жүзу, екінші кезеңі — 20 шақырым қашықтыққа велосипедпен жарысу, үшінші кезеңі — 5 шақырым қашықтыққа жүгіру.
    Жас шамалары: 18-29 жас және 30 немесе одан да жоғары. Алдын ала өтініштер 17 тамызға дейін қабылданады.
    — Бір өзім триатлонды бағындыра аламын деушілер бар. Олар бұл қаншалықты қиын екенін түсінбейді. 200 метрге жүзіп, 20 шақырым қашықтыққа велосипед айдай алатын шығар. Бірақ содан кейін жүгіру мүмкін емес. Сондықтан сайысты кезең-кезеңге бөліп тастадық. Қазіргі мақсатымыз — тұрғындарды спортқа баулу, қызықтыру, — дейді Евгений Гончаров.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Евгений Гончаров: Жұмыстан кейін спорт залға барамын
  • Кросс-кантриден қала біріншілігі өтті
  • Әкім велосипедпен 10 шақырымдық велошеруге қатысты
  • “Сенің марафоның – Сенің жеңісің” марафоны өтеді
  • Ақтөбеде жүгіруден марафон өтеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге