“Ақбидай ” ойындарының жеңімпаздары марапатталды

    Ақтөбеде республикалық «Ақбидай-2017» VI ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті. Облыс командасы екінші орынға ие болды.

    Ақтөбеде бір аптаға созылған республикалық жарыс аяқталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған мыңнан астам спортшы спорттың 14 түрінен бақ сынады. Оның арасында көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ, шағын футбол мен қазақша күрес те бар. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, көкпар ойындарының қорытындысы бойынша 1-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, топ бәйгеде Алматы облысы, 21 шақырымға аламан бәйгеде Ақтөбе облысының командасы иеленді. Ал жалпы командалық есепте 1 орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, 2 орынды Ақтөбе облысы, 3-орынды Қызылорда облысы жеңіп алды. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтады. Оларға медальдар мен алғыс хаттар табысталды.

    Айта кетелік, республикалық “Ақбидай-2021” ауыл спорты ойындары енді Маңғыстау облысында өтеді. Төрт жылда бір рет өтетін спартакиаданың мақсаты – ұлттық спортты дамыту, ауыл жастарының белсендігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ауыл спорты ойындары басталды
  • Алғада спорт жарысы өтті
  • Темір ауданында спартакиада аяқталды
  • Ақтөбелік журналистер жеңімпаз болып оралды
  • Ақтөбеде ұлттық спорт фестивалі өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге