Головкин мен Альварес тең түсті

    Головкин мен  Альварес тең түсті

    Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен тең түсті және барлық титулын сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

    Лас-Вегастың 20 мың адамға арналған T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. GGG басынан-ақ жинақы әрекет ете бастады, ал "Канело" қорғаныстан бастады. Екінші раундта екі боксшы бір-біріне белсенді түрде дәл соққы жасай алды. Айта кетейік, әрбір соққы жасалған сайын трибунада отырғандардың айғайы естіліп тұрды. Үшінші раундтың басында Головкин бар күшін салып, мексикалыққа бірден бірнеше соққы жасады. Кейін қазақстандық боксшы бәсеңдеді, дегенмен де Головкин бірінші болып әрекет жасап отырды. "Канело" да қалыспай дәл соққылармен жауап берді. Ал келесі төртінші раундта Альварес белсендірек әрекет ете бастады, бірақ GGG оны қысып алып, жақсы шабуыл жасады. Бұл раундта да жеңімпаз анықталмады.

    Бесінші раундта Головкин "Канелоға" қысым жасауын жалғастыра берді, бірақ мексикалық та оған жақсы соққылармен жауап беріп отырды. Осы сәтте екі бокс-шы да бір минут бойы "мен сенің соққыларыңнан қорықпаймын" деп айтып тұрғандай болды. Ал алтыншы раунд болса, алдыңғы раундтарға ұқсас болды: Головкин соққылар жасады, ал "Канело" оған тек жауап беріп жүрді.
    Жетінші және сегізінші раундтарда Головкин Альвареске дәл және мықты соққылар жасады, бірақ мексикалық та оған жақсы соққылармен жауап берді. Раундтар арасындағы үзілісте Максим Головкин бауырына "барлығы енді басталады" деп айтып жатты.Тоғызыншы раундта GGG Альва-реске мықты соққы жасады, бір сәтке мексикалық ол соққыны көтере алмайды деген ой келді. Бірақ "Канело" өзінің алғашқы соққысын жасай алды. Ал оныншы раундта Головкин мен Альварес тамаша бокс көрсетті. Раундтар бойынша айтатын болсақ, сарапшылардың айтуынша, қазақстандық 97:93 есебімен алда тұрды. Соңғы раундта Альварес алғашқы болып қимылдап, жақсы әрекет ете бастады. Дегенмен қазақстандық одан қорықпайтынын білдіріп, өзінің соққыларын жасай бастады. Сондай-ақ, боксшылар соңғы раундта нағыз шабуыл жасады. Аренадағы жанкүйерлер оларды белсенді түрде қолдады. Ал кейінірек төрешілердің шешім шығаратын кезі келді. Осыған дейін Головкин мен Альварес ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Головкиннің салмағы - 160 фунт. Мұндай көрсеткішті "Канело" да көрсетті. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтың ережесі бойынша белгіленген 160 фунтты (72,5 келі) көрсетті.
    Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін реванш алғысы келетінін мәлімдеді. "Мен жеңілген жоқпын. Мен әлі де чемпионмын. Маған қолдау көрсеткендерге рақмет. Әрине, рематч алғым келеді. Жұдырықтасқым келеді", - деді Головкин жекпе-жектен кейін. Сауль "Канело" Альварес те жекпе-жектен кейін "Халық қаласа, мен де реванш алғым келеді" деді.
    Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтті. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетілді. АҚШ-та бұл жекпе-жек (PPV) ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Бір телевизордан көру құны 75 доллар болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Головкин Альвареспен төбелессе, қыруар ақша алуы мүмкін
  • Головкиннен жеңілген Келл Бруктың көзіне ота жасалмақ
  • Головкин: Менің белбеуімді бер, Канело!
  • Геннадий Головкиннің салмағы қарсыласынан жеңілірек
  • Руслан мен Геннадий жеңіске жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге