Владимир Муханов: Мен бүгін өз командамның ойыншыларын танымадым

    “Ақтөбенің” бас бапкері Владимир Муханов “Қайсарға” қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде оның шәкірттері 1:0 есебімен жеңілген еді деп хабарлады prosport. сайты.

    -Бүгін мен өз командамды мүлдем танымағандығымды айта кетуім керек. Ойынның дәл осылай өрбуі бізге де таңсық болды. Бұл жерде мәселе психология тұрғысынан туындады. Әйтпесе мәселені ойынның ауыстырылуына, т.б. нәрселерге ысырып тастауға болмайды. Әңгіме онда емес. Шамасы, “Қайсар”көшбасшылардан ірі есеппен жеңілген соң бізге қарсы ойынға тас-түйін келген секілді, ал біз керісінше, “Тобылды” жеңіп, арқаны кеңге салып қойғандаймыз. Бұл ойынды тағатсыздана күткен едім, себебі, бұл ойын нәтижесі көп нәрсені шешетін еді және команда бір кісідей жұмылып, өз алаңында атой салар деп үміттенгенмін. Дәл осы компоненттерде біз қарсыласқа есе жібердік. Түзген ойынымыздың тісі қарсыласқа батпады. Керісінше. Олар бізден басым болды. Жеке допқа таласу болсын, бір-бірімізді жабу жағынан болсын, допты қақшып әкету болсын, барлық жағынан біз жеңілдік. Ойын соңында құтылып кететін мүмкіндік болды деп айтуға да болар, бірақ, одан біздің жағдайымыз жақсарып кетпейді. Иә, біз бір гол соғып, бір ұпай олжалар ма едік, дегенмен, шыны керек, “Қайсар” қарымта шабуылда есепті еселейтін бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Сондықтан, “Қайсар” жеңіске лайықты болды. Дұрыстап сөйлесу керек болып тұр. Жағдай қиын.
    -Қосалқы құрам ойыншылары бойынша сұрайын дегем. Мысалға, жергілікті ойыншы Асланбек Кәкімовтың жылдамдығы жақсы. Ол бүгінгі ойында не өзгерте алатын еді? Ол соңғы кездерде мүлдем көрінбей жүр. Себебі неде?
    -Бапкерлер жеңіп жүрген құрамды өзгертуді құп көрмейді. Әрине, біз өздерін жаттығуларда жақсы қырынан көрсетіп жүрген қосалқы құрам ойыншыларын бақылап жүреміз. “Мынау ойнайды, мынау ойнамайды” деп дөп басып айту қиын. Біз екінші таймда ойыншыларды ауыстырып, ойын нәтижесін жақсартқымыз келді. Допқа иелік ете алмай, ойын тізгіні уысымыздан шыға бастаған кезде екінші шабуылшыны шығардық. Бірақ ол да оң нәтижесін бермеді. Алайда 4 – 4 – 2 схемасына ауысқан кезде біршама қауіпті шабуылдар ұйымдастырдық, бірақ бәрі асығыс, қарбалас жасалған дүниелер. Тағы да қайталап айтамын, мен бүгін өз командамның ойыншыларын танымадым.

    Ұқсас жаңалықтар
  • "Ақтөбе" қауіпті аймақтан шықты
  • Ақтөбеде жаттыққан Логвиненко мен Жалмұқан “Ақтөбені” тас-талқан етті
  • Жастар жеңістен құр қалды
  • “Ақтөбе” өз алаңында “Қайсарға” есе жіберді
  • “Ақтөбе” ФК өз алаңында алғашқы жеңісін тойлады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге