Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды

    Тәжікстанның Худжант қаласында ережесіз жекпе-жектің ММА нұсқасы бойынша Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатта қазақстандық спортшылар бірнеше мәрте топ жарды. Чемпиондар арасында ақтөбеліктер де бар.

    Чемпионат 22-25 мамыр аралығында өткізілді. Аталмыш додада Қазақстан құрамасы атынан 77,1 келі салмаққа дейінгі дәрежеде ақтөбелік Гойти Дазаев өнер көрсеткен болатын. Өз салмақ дәрежесінде Гойти Дазаев Азия чемпионы атанды.

    Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алғашқы орынды иеленді. Құрама еншісінде 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Гойти Дазаевпен қатар 61,2 келі салмақ бойынша Кирилл Литвиненко, 84 келіге дейін Жасұлан Хасимов және ауыр салмақта Андрей Смирнов алтын медаль иегерлері болды. Ал жалғыз күміс медальді Алтынбек Бәжімов иеленсе, Асланбек Тәженов пен Антон Маркаускас қола жүлде алды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Талдықорғанда бокс чемпионаты аяқталды
  • Ақтөбелік таэквондошылар бірінші орынды иеленді
  • Қазақ палуандары Азия чемпионатына барады
  • Әйелдер арасындағы бокс чемпионаты аяқталды
  • Ақтөбеліктер ММА жүйесінде жүлде еншіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге