Ақтөбеге әлемдік спортшылар жиналды

    Ақтөбеге әлемдік спортшылар жиналды
    Дзюдодан өткен халықаралық турнир әлемнің он елінен келген спортшылардың басын қосты

    “Туған жер” республикалық форумы аясында өткізілген ірі спорттық іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты.
    -Қазақстандықтарға дене шынықтыру мен спортпен белсенді шұғылдануды Президентіміз өз жеке үлгісімен көрсетіп келеді. Бүгінде Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға 50 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын 5 миллиондай адам болса, оның 80 мыңға жуығы дзюдомен айналысады. Бұл іс жүзінде Жезқазған қаласының халық санымен бірдей. Биылғы жылы Қазақстан рухани жаңғыруға басымдылық берілген еліміздің үшінші жаңғыруын жүзеге асыруға кірісті. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мен “жұмсақ жол” ұғымын білдіретін дзюдо спортындағы ортақ дүние- сананы жаңғырту. Осы спорттың негізін қалаған Джигоро Кано бірде: “Дзюдомен айналысқан адам ерік-жігеріне мықты болады және рухын өзі көтереді деген екен”, - деп атап өтті хатшы спортшыларды құттықтау сөзінде.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
    -Біздің мемлекетіміздің, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында спорт пен дене шынықтыруды насихаттауға, дамытуға бағытталған нақты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ақтөбе облысында материалдық-техникалық базаны нығайту, спортшылардың шеберлігін шыңдау үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданды. Осының бәрі бізден Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, әлем чемпиондарының шығуына мүмкіндік береді деп сенеміз, - деді облыс әкімі.
    Аты аңызға айналған спртшы, палуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өз кезегінде спортшылардың қазіргі жағдайлары бұрынғымен салыстыруға келмейтінін айтып өтті.
    -60-80 жылдары бізде мұндай жаттығу залдары, қазіргі жастардағыдай дайындық жағдайлары болмады. Осының бәрі ,жас қазақстандықтар,сіздердің жетістіктеріңіз бен болашақтарыңыз үшін жасалып отыр. Ата-бабаларымыздың арманы болған Ел Тәуелсіздігін бағалаңыздар - мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі үшін аянбай еңбек етіңіздер, - деді Жақсылық Үшкемпіров жас спортшыларға.
    Президент кубогы үшін жүргізіліп отырған халықаралық турнирге әлемнің 10 елінен соның ішінде Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстаннан 60 спортшы қатысады.
    Құрметті қонақтардың қатарында Олимпиада ойындарының чемпионы, грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Юрий Мельниченко, олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов пен Бақтияр Артаев сынды спорт саңлақтары бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ауыл спорты ойындары басталды
  • Әлемнің мықты спортшылары Алматыда бақ сынайды
  • Спорт-денсаулық кепілі
  • Ақтөбеге жасөспірім палуандар жиналды
  • Ақтөбелік спортшылар марапатталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге