Ақтөбеде алғашқы қайырымдылық марафоны өтеді

    15 қазан күні Ақтөбе қаласында “Алтын күз” атты жеңіл атлетикалық жарыс өтеді. Спорттық шара аясында алғаш рет қайырымдылық марафоны ұйымдастырылмақ.

    Жарысқа барлық қала тұрғындары қатыса алады. Бас-ты шарт-олардың жасы 7-ге толуы керек. Спорттық шараға қатысушылар 500 метрге, сондай-ақ 3 шақырым,10 шақырым қашықтыққа жүгіреді.
    - Әлемде қайырымдылық мақсаттағы жеңіл атлетикалық марафондарды өткізу жақсы дәстүрге айналған. Мұндай марафондардың нәтижесінде жиналған қаржы науқас балаларды емдеуге, спорттық кешендерді салуға жұмсалады. Биыл Ақтөбеде алғашқы қайырымдылық марафонын өткізгелі отырмыз. Жарыс бас-талатын орында жәшік орнатылады. Жарысқа қатысушыларды «Қолғанат Ақтөбе» қорына ерікті түрде қаржы жинауға шақырамыз. Ақтөбеліктер осы игі бастаманы қолдаса, жиналған қаржы көпшіліктің қажеттіліктері үшін жұмсалатын болады,-дейді қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің бастығы Евгений Гончаров.

    Жарысқа тіркелу 5 қазаннан бастап "WorldClass" фитнес клубында (11 ш/а) және "Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ-де (Т.Ахтанов к-сі, 50, каб.45) жүргізіледі. Тіркелу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің көшірмесі қажет. Тіркелу 5 қазаннан 13 қазан сағ: 12.00-ге дейін жүргізіледі. 18 жасқа дейінгі қатысушылардың тіркелу кезінде және жарыс уақытында ата-анасының қатысуы міндетті. Ал 7-9, 10-14 жас құрамындағы қатысушаларға жарыс өткізілетін күні (15 қазан) тіркелу жүргізіледі. Олар өздерімен бірге туу туралы куәлігінің көшірмесін ала келуі қажет.
    Жеңіл атлетикалық жарыстың өткізілуіне орай Ақтөбенің басты даңғылдарында жол қозғалысы жабылады.
    - 15 қазанда сағат 08.30-дан сағат 12.00-ге дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін, Ә.Молдағұлова даңғылы бойы Әбілқайыр хан даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылындағы айналма жолға дейін, Сәңкібай батыр даңғылы бойы айналма жолынан Бөкенбай батыр көшесіне дейін (Әуежай бағытында) Бөкенбай батыр көшесі бойы айналма жолдан Мясоедов көшесіне дейін жол қозғалысы жабылады. Сондай-ақ Әз Нау-рыз көшесі бойы Мясоедов көшесінен Шайкенов көшесіне дейін, Шайкенов көшесі бойы Әз Наурыз көшесінен М.Мәметова көшесіне дейін, М.Мәметова көшесінен Атаусыз көшеге дейін, Әбілқайыр хан даңғылы бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан М.Мәметова көшесіне дейін, сонымен қатар 101 Атқыштар бригадасы, М.Оспанов, Ғ.Жұбанова параллель көшелерінің бо-йында көліктің барлық түрінің қозғалысы жабылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
    Бұл уақыт аралығында қоғамдық көлік қозғалысы параллель көшелер арқылы жүзеге асырылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Сенің марафоның – Сенің жеңісің” марафоны өтеді
  • Әбілқайыр хан-Мәметова қиылысы 8 күнге жабылды
  • “Мираж” жол ережесін бұзушыларды бақылайды
  • Жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылды
  • Жол құрылысына 100 млн теңге бөлінді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге