Қала әкімінің кубогы үшін ат жарысы өтеді

    Ақтөбедегі ипподромда 14 қазан күні қала әкімінің кубогы үшін бәйге ұйымдастырылады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті Азат Жөкенов айтты.

    Оның айтуынша, ат жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Ресейден сәйгүліктер қатысады.
    - Бәйгеге республикамыздың түкпір-түкпірінен сәйгүліктер әкелінеді. Алдын ала болжам бойынша, 40-50-ге жуық тұлпар қатысуы тиіс. Жарыс 3 түр бо-йынша өткізіледі: 21 шақырымдық аламан бәйге, 11 шақырымдық тоқ бәйге және 2400 метрлік ұшқыр жарыс. Сонымен бірге бұл бәйгеге Ресейден келеді деп күтіп отырмыз,-дейді ол.

    Айта кетелік, бүгінгі таңда ат спорты елеулі қарқынмен дамып келеді. Бекбол Байжарқынов, Марат Көшеров секілді ақтөбелік ат бегілердің сәйгүліктері Ақтөбе облысының намысын республикалық, халықаралық жарыстарда қорғап жүр.
    -Мәселен, биыл Бекбол Байжарқыновтың тұлпары президент кубогында 2-орын алды. Ал 2015 жылы Марат Көшеровтың "Нептун" есімді тұлпары президент кубогын жеңіп алған. Сонымен бірге Уфа, Қазан қалаларында өткен бәйгелерге қатысып, еліміздің атын шығарып жүрген сәйгүліктеріміз көп. Ирландия, Англия, Франциядан әкелінген ерекше тұқымды тұлпарлар Дубай, Америка ареналарында өнер көрсеткен. Халық қазан айының 14-і күні өтетін бәйгеде олардың шабысына куә бола алады, - дейді Азат Жөкенов.

    Аламан бәйгеге бас жүлде ретінде автокөлік тігілген. Бұдан бөлек жеңімпаздар басқа да бағалы сыйлықтармен және ақшалай жүлделермен мараппаталады.Ат жарысына қатысам деушілер үшін 14 қазан күні сағат 9.00, 9.30 және 10.00-да теміржол вокзалынан ипподромға дейін арнайы бағыт бойынша автобустар жүреді. Айта кетелік, мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін иппотерапия әдісімен емделе алады. Бұл үшін ипподромға келіп, тіркелсеңіз жеткілікті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 17 жастағы шабандоз Сапарбаевтың қолынан автокөлік кілтін алды
  • 9 мамырда ат жарысы өтеді
  • Ақтөбеде ұлттық спорт фестивалі өтті
  • Қобдада ат жарысы өтті
  • Атбегілер жаңа маусымды бастады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге