Ақтөбелік спортшылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды

    Ақтөбеде Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ақтөбелік спортшылар 2 алтын және 1 күміс медаль еншіледі.

    Грек-рим күресінен жастар арасындағы республикалық турнирге 100-ден астам спортшы қатысты. Жекпе-жек сарайында өткен турнир 8 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды.Ақтөбе облысының намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғады. Екі күндік жарыс нәтижесі бо-йынша ақтөбелік спортшы Әділет Сисембаев 60 келі салмақта чемпион атанды. Сондай-ақ 74 келі салмақта күш сынасқан Дәулет Жалғасов 1 орынды иеленді. Ал ең ауыр 120 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз Асылбек Жәнібекұлы 2-орынға лайықты деп танылды.
    Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем және КСРО кубоктарының иегері Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған дәстүрлі турнир Ақтөбеде 1997 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді.
    - Бұл турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас балуандар екі күн әр салмақ дәрежесінде бақтарын сынады. Келесі жылдан бастап, көршілес ТМД елдердерінен командалар шақырып, турнирдің дәрежесін көтеру мақсатымызда бар, — дейді ҚР құрамасының жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Серік Жұмашев.
    Турнирдің ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірде грек-рим күресінің дамуына зор үлес қосып жүрген ақтөбеліктерді марапаттады. Жарыс жеңімпаздары да арнайы медалдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дзюдошылар жеңіспен оралды
  • Жас палуандар екі қола мен бір күміс иеленді
  • Ақтөбелік жас боксшылар олжалы оралды
  • Ақтөбелік палуандар жүлдемен оралды
  • Грек-рим күресінен турнир аяқталды
  • Пікір

    ^ Үстіге