Криштиану Роналду - 2017 жылдың үздік ойыншысы

    Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Криштиану Роналду ие болды деп хабарлады vesti.kz

    Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені екінші жыл қатарынан бұл атаққа қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Лионель Месси (Барселона) мен Неймарды(ПСЖ) басып озды.

    "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы екінші рет табысталды.ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.
    Айта кетейік, Криштиану Роналду 2017 жылы "Реалмен" бірге Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатында топ жарды. Португалия ұлттық құрамасының әлем чемпионатына шығуына бірден-бір себепкер болды.Әйелдер арасында "The Best" сыйлығына Лике Мартенс ие болды. Ал Зиннедин Зидан жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Өзге де үздіктер марапатталды.

    Үздік қақпашы: Джанлуиджи Буффон
    Жылдың үздік жанкүйерлері: "Селтик" фанаттары
    "Перенц Пушкаш” сыйлығы иегері: Оливье Жиру
    "Fair Play" марапатының иегері: Франсис Коне
    "FIFA 2017" үздік футболшылар құрамы: Джанлуиджи Буффон, Дани Алвес, Леонардо Бонуччи, Серхио Рамос, Марсело, Лука Модрич, Тони
    Кроос, Андреас Иньеста, Лионель Месси, Криштиану Роналду, Неймар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Отарбаев турдың үздік қақпашысы атанды
  • ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ
  • Жанкүйерлер Куаджаны үздік қақпашы деп таныды
  • Лионель Месси бесінші рет “Алтын доп” иегері атанды
  • “Ақтөбе” жанкүйерлері айдың үздігін анықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге