Есет Қуанов самбодан әлем чемпионы атанды

    Ақтөбелік палуан Есет Қуанов Ресейдің Сочи қаласында ерлер мен әйелдер арасында самбодан өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

    9-13 қараша аралығында өткен әлем чемпионатына 93 елдің спортшысы қатысқан болатын. Жарыстың соңғы күнінде Есет Қуанов Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ақтөбелік спортшы финалда 62 келі салмақта ресейлік Аслан Мудрановпен кілемге шықты. Аса тартысты белдесуде Аслан 1:0 есебімен алда тұрды. Алайда, жеңіске деген жігерін танытқан Есет бәсеке аяқталуға жақын қалғанда, таразы басын теңестірді. Содан кейін тағы бір әдісті оңтайлы пайдаланып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
    Айта кетейік, Есет Қуанов бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдегері, өткен жылы «Харлампиев мемориалы» турнирінің жеңімпазы атанған еді. Бұл чемпионатта ақтөбелік тағы бір спортшы Амандық Асауұлы 62 келі салмақта әскери самбодан қола медаль еншіледі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер панкратионнан әлем чемпионы атанды
  • Қандыағаш жастары әлем чемпионатынан күміспен оралды
  • Ақтөбелік палуан әлем кубогын иеленді
  • Қуаныш Мырза – шеберлер арасындағы әлем чемпионы
  • Азия чемпионатының екі алтыны Ақтөбеде
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге