Ақтөбеделік балуандар дзюдодан Қазақстан кубогін иеленді

    Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бірнеше күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша 6 медаль иеленген ақтөбелік дзюдошылар Қазақстан Кубогына ие болды.

    Чемпионатқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты. Салтанатты ашылу рәсімі кезінде Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов Дзюдо федерациясы атынан Ақтөбе облысына татами сыйға тартты. Ақтөбе облысының намысын ел біріншілігінде 36 дзюдошы қорғады. Оның арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев та бар.
    Жарыстың алғашқы күнінде Ақтөбе облысы құрамасының қоржынына екі қола медаль түсті. Ерлер арасында 60 келі салмақта Рустам Ибраев пен әйелдер арасында Нұржамал Жарманова үшінші орынды иеленді. Ел чемпионатының бірінші күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев белдесулерді тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады. Ал чемпионаттың екінші күнінде де ақтөбеліктер үш қола медаль еншіледі. Ерлер арасында 73 келі салмақта Жанболат Бағытбергенов, 81 келіде Бекжан Абдуалиев үшінші орынды қанағат тұтты. Әйелдер арасында Ақтөбе облысының намысын қорғаған Бақыт Құсақбаеваға да қола медаль бұйырды. Ал үшінші күні дзюдошылар 5 салмақ бойынша белдесті. Бұл күні 90 келі салмақта белдескен Әділет Миссин үшінші орынды жеңіп алды.
    ҚР Дзюдо федерациясының хабарлауынша, ерлерден 14, әйелдерден 9 команда қатысқан ел кубогы өте тартысты өтті. Ерлерден финалда Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысының дзюдошылары белдесті. Финалдық белдесуде Ақтөбеліктер 3:2 есебімен Шығыс Қазақстан облысының спортшыларынан басым түсіп, Қазақстан Кубогына ие болды. Ал Павлодар облысы мен Батыс Қазақстан облысы дзюдодан Қазақстан кубогының қола жүлдегерлері атанды.Әйелдер арасында Алматы облысының қыздары қарсылас шақ келтірмеді. Олар финалда Қызылорда облысының қыздарымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіп, кубокқа ие болды. Әйелдер арасында 2017 жылғы Қазақстан кубогының қола жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрымды балуандары жеңіп алды.Ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында медаль саны бойынша командалық есепте ОҚО спортшылары көш бастап тұр. Олардың қоржынында 4 алтын, 1 қола медаль бар. Ал екінші орынға 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен Алматы қаласы жайғасса, 2 алтын, 1 күміс және 5 қоламен ШҚО дзюдошылары үшінші орынға тұрақтады.

    Айта кетелік, бұл жарыс-тан Әлем Чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Әлем Чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты босатылған. Ал, әйелдер ұлттық құрамасы сапындағы Рио Олимпиадасының және Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг чемпионаттың алтын медалін еншіледі.Осы жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады, сондай-ақ, Азия мен Әлем Чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады. Ел біріншілігінің барысында бірқатар спорт жанашырлары ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы медалімен марапатталды. Қазақстан дзюдо федерациясының президенті міндетін атқарушы Маратбек Мықтыбеков Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеевке, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Асхат Шахаровқа, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жәкен Саламатовқа «Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Есет Қуанов самбодан әлем чемпионы атанды
  • Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді
  • Дзюдошылар жеңіспен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошы күміс медаль иеленді
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге