Райса Байлиева әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды

    Ақтөбелік спортшы Райса Байлиева әлем чемпионатының алтын медальін жеңіп алды. Осылайша 42 жастағы балуан әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды.

    Ресейдің Медынь қаласында (Калуж облысы) әмбебап жекпе-жектен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 31 елінен келген мықты спортшылар қатысты. Әлемдік додада Қазақстандық спортшылар ел қоржынына 8 жүлде салды. Ақтөбелік Райса Байлиева өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды. Бұдан бөлек Қазақстан құрамасында 5 күміс және 2 қола жүлде бар. Бұл жарыста Ақтөбе облысының намысын Райса Байлиевадан бөлек “Динамо” денешынықтыру-спорт қоғамының үш өкілі қорғаған. Тартысты бәсекенің нәтижесінде Айболат Мұратов екінші орынды иеленсе, Жандос Дәмешов қоладан алқа тақты.
    Айта кетелік, Райса Байлиева – самбо мен дзюдодан 20 дүркін Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ ол 4 дүркін Азия чемпионы және әмбебап жекпе-жектен 4 дүркін әлем чемпионы атанып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бөгежан Аманбаев гір спортынан әлем чемпионы атанды
  • Ақтөбеліктер панкратионнан әлем чемпионы атанды
  • Азия чемпионатының екі алтыны Ақтөбеде
  • РаЙса Байлиева - алтын медаль иегері
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге