Ақтөбеде бокстан Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған хіх халықаралық турнир өтті

    22-26 қараша аралығында Ақтөбе қаласында бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спор шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған ХІХ халықаралық турнирі өтті.

    Жекпе–жек сарайында өткен салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиев және Бауыржанның анасы қатысты.
    Дәстүрлі доданы облыс әкімінің орынбасары ашық деп жариялап, құттықтау сөзін жеткізді. Жыл сайын өткізілетін турнирде биыл 14 команда, яғни Ресей және Өзбекстан елдерінен және республикамыздың барлық қалаларынан 80-нен астам бокс-шысы бақ сынады.
    - Менің Бауыржанымды еске алып, жыл сайын осындай шара өткізіп отырған барлық ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын және турнирге келген барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Спортшыларымыз үлкен додалардан жеңіспен оралып, мерейіміз арта берсін. Бауыржанымның жетпеген жетістіктеріне сіздер жете беріңіздер»,- деп еске алды анасы.
    Жарыс AIBA ережелеріне сәйкес 3 раунд – 3 минуттан және 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 келі салмақ дәрежелері бойынша өткізілді.

    Турнир соңында 3 жекпе – жек кездесуін өткізіп, І-ші орынды иеленген спортшыларға Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағы берілді және жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр салмақтағы дәрежелі спортшылар медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
    Сонымен қатар 60 келіде жүлделі орынды иеленген спортшы Б.Ақшолақов атындағы спорт клубының арнайы бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде
  • Ақтөбелік спортшылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды
  • Дзюдошылар жеңіспен оралды
  • Галиб Джафаров жүлдесіне арналған бокстан жарыс өтті
  • Әмбебап жекпе-жектен әуесқой спортшылар арасында турнир аяқталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге