Спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

    ҚР ұлттық командасының құрамында күш сынасқан ақтөбелік спортшылар Нартай Қажеков және Андрей Гаврилюк джиу – джитсудан әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды. Бұл жөнінде облыстық спорт және денешынықтыру басқармасынан хабарлады.

    23-26 қараша күндері Колумбия астанасы Богота қаласында кезекті джиу – джитсудан әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 37 мемлекеттен 360-тан астам спортшы қатысты.
    Не-ваза-систем бөлімінде ҚР ұлттық командасының құрама сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз Нартай Қажеков және Андрей Гаврилюк Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
    -Жарыс жолында қола жүлдеге жету оңай болмады. Алайда, барлық жігерліктерімізді көрсетіп, жүлдеге жету мүмкіндігі туды. Ендігі кезекте, алда ҚР чемпионаты және 2018 жылы өтетін Азия ойындары күтіп тұр. Соған тыңғылықты жаттығуды бастаймын,-дейді Нар-тай Қажеков.
    Әлем чемпионаты Халықаралық Олимпиада Комитеті тарапынан танылған Халықаралық джиу-джитсу Федерациясы (JJIF) желісі бойынша файтинг-систем, не-ваза-систем, дуо-систем бөлімдері бо-йынша өтті. Қазақстанның намысын барлығы ұлттық құраманың 23 спортшысы қорғады. Олар жалпы есепте бір алтын, бір күміс және бес қола медаль әкелді. Жеңімпаз атанғандардың арасында әлемдік турнирлердің және Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеделік балуандар дзюдодан Қазақстан кубогін иеленді
  • Есет Қуанов самбодан әлем чемпионы атанды
  • Әлем чемпионатынан ақтөбелік спортшылар 3 қола медальмен оралды
  • Ақтөбелік бойжеткен каратэмен қоса джиу-джитсуны керемет меңгерген
  • Ақтөбеде “Джиу Джитсудан” Республикалық Чемпионат өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге