Ақтөбелік спортшылар жекпе-жектен Әлем чемпионы атанды

    Атырауда жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында 10 алтын медальдің сегізі Қазақстан құрамасына бұйырды. Жеңімпаз атанғандардың арасында Ақтөбе облысының үш жекпе-жек жауынгері бар.

    Атырауда жекпе-жектен Қазақстан бойынша алғаш рет əлем чемпионаты өтті. Үш күндік жарысқа Қазақстан атынан 20 спортшы қатысып, 10 салмақ дəрежесі бойынша бақ сынады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарла-уынша, Әлем чемпионатында 10 алтын медальдің 8-ін Қазақстан құрамасы жеңіп алды.
    - Өңірде осындай беделді спорт шарасын өткізу біз үшін үлкен абырой. Қазақстандықтар 8 алтын медаль алып, аралас жекпе-жек спорт түрлері бойынша әлемнің үздік спортшылары екенін тағы бір рет дәлелдеді», - дейді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
    Әлем чемпионы атанғандардың арасында ақтөбелік Бағдат Жұбаныш (53 келіге дейін), Мирас Ұлықпанов (65 келіге дейін) пен Дәурен Ермековтер (85 келіге дейін) бар. Тартысты бәсеке кезінде «Еркін күш» кәсіпқой жауынгерлік клубының спортшысы Дәурен Ермеков өзбекстандық жекпе-жек жауынгері Бекзод Нурматовтан басым түскен. Ал Мирас Ұлықпанов финалда қырғызстандық балуан Абдулгаджи Газиевпен кездесті. Екі раундтың нәтижесі бойынша төрешілер мықты спортшыны анықтай алмады. Сондықтан олар экстра раунд жариялауға мәжбүр болды. Алайда қырғызстандық спортшы үзілістен кейін алаңға шықпағандықтан, жеңіс Мирасқа бұйырды. Ал 53 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан Бағдат Жұбаныш финалда Қырғызстан спортшысы Ақтілек Шәріповтен басым түсті.

    Жекпе-жектен Әлем чемпионатына Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша екі алтын медаль 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Магомедрасул Гасанов, ал 90+ санатында өзбекстандық Рустамқожа Сайдумаровқа бұйырды. Шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Онда шақыртылған спортшылардан басқа көрермендерге арнап эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Атап өтетін жайт, мұндай сайыс Қазақстанда бұрын-соңды болмаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Райса Байлиева әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды
  • Есет Қуанов самбодан әлем чемпионы атанды
  • Сергей Морозов M-1 Challenge 76 турнирінде жеңіске жетті
  • РаЙса Байлиева - алтын медаль иегері
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге