Ақтөбелік полицей қоян – қолтық күресте үздік атанды

    Арнайы жасақ қызметкері Айдын Төлепбаев ҚР Бас қолбасшы кубогында алтын медаль иегері атанды. Бұл жөнінде ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

    Астанада 28-29 қарашада ерлер арасындағы қоян-қолтық күрес бойынша ҚР-ның Жоғарғы Бас Қолбасшы кубогіне III-ші ашық Республикалық турнирі өтті. Жарысқа барлығы 28 құрама команда қатысқан. Оның 11-і күш құрылымдарының атынан шықты. Жеке біріншілікте ақтөбелік полицей Айдын Төлепбаев 75 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды. Белгілі болғандай, бұл салмақ бойынша барлығы 30 спортшы күш сынасқан. Айдын жарыс кезінде 5 қарсыласпен белдесіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
    Айта кетелік, Айдын ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Бұған дейін жол-патрульдік полициясында жұмыс істеген. Қазір облыстық ІІД –нің жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы болып қызмет жасайды. Әйтеке би ауданының тумасы бала кезінен бастап спортпен әуестенген. Мектеп қабырғасында грек-рим күресімен айналысқан. Спортта жеткен жетістіктері де аз емес. Биыл Тәжікстанда құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегері атанды. Бұған дейін Шымкент қаласында өткен жарыста Қазақстан чемпионы атанған. Ал 2015 жылы «Президент Кубогі» чемпионатында қола медаль иегері атанған. Енді ол алда болатын Европа чемпионатына іріктеуді күтіп отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
  • Есет Қуанов самбодан әлем чемпионы атанды
  • Ақтөбелік спортшылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды
  • РаЙса Байлиева - алтын медаль иегері
  • Полиция үздік спортшыларын анықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге