Мейрамбек Айнағұлов чемпион атанды

    Мейрамбек Айнағұлов чемпион атанды

    Ақтөбелік балуан Мейрамбек Айнағұлов республикалық жарыстың алтын медалін иеленді. Бұл жөнінде ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының сайтында хабарланды.

    Қарағандының «Жастар» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған күрес түрлерінен республикалық жарыс өтуде. Еліміздің барлық аймағынан жиналған балуандар алты күн бойы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Биыл 50-ші мәрте өткізіліп жатқан Н.Әбдіров атындағы турнирдің маңызы зор. Біріншіден, балуандар бұрынғыдай емес, жаңа салмақ дәрежелерінде, яғни, 10 салмақта күресуде. Екіншіден, жарыс ережелері өзгерген. Сонымен қатар, осы турнирде жеңімпаз бен жүлдегер атанған балуандар ұлттық құрама сапына алынып, 2018 жылы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Келесі жылдың алғашқы ірі жарысы ақпан айында Бішкекте өтетін Азия чемпионаты. Сондай-ақ, әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындары да келесі жылдың жоспарында бар.

    Жарыстың екінші күнінде грек-рим күресінің ба-луандары арасынан алты салмақта жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында 63 келі салмақта күш сынасқан ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов та бар. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері бұған дейін 59 келіде бақ сынап келген болатын. Ақтөбелік балуан жаңа салмақта қарсыластарының барлығын бет қаратпай жеңді. Финалда ол Шығыс Қазақстандық Құдайберген Тұрсыновты 3:0 есебімен тізе бүктірді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеделік балуандар дзюдодан Қазақстан кубогін иеленді
  • Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді
  • Ақтөбелік спортшылар республикалық турнирде жеңімпаз атанды
  • Айнағұлов Тбилисиде топ жарды
  • Қазақ палуандары Азия чемпионатына барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге