Бахтияр Эюбов спорттық мансабын жалғастырады

    Ақтөбелік кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов шаршы алаңға қайта шығатын болды. Бұған дейін спортшы демеуші таппай, 8 ай жекпе-жекке шықпаған.

    Бахтияр Эюбов 4 маусымда америкалық Джейсон Томпсонмен жұдырықтасады. Наурыз айында АҚШ-тың “Salita promotions” компаниясымен келісімшарт жасасқан боксшы алдағы аптада Америкаға ұшқалы отыр.
    -Құжат мәселесі шешілді. Мені алаңдататыны, АҚШ-қа дәл жекпе-жек болатын күні жетемін. Дайындықсыз жұдырықтасу қауіпті. Бұл жекпе-жек болмай қалуы да ықтимал. Ал жанкүйерлеріме айтарым,4 маусымдағы кездесу кейінге шегерілген жағдайда 13 маусым күні міндетті түрде жекпе-жегім болады. Қолдағандарыңызға рақмет,-деді Бахтияр Эюбов.

    Бахтияр Эюбов орта салмақтың екіншісіне көшкенін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Енді ол 69,9 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. Бұл оның жаңа промоутерлері ұйымдастыратын алғашқы жекпе-жек.
    Бұған дейін 5 жекпе-жек өткізген Бахтияр барлық қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңген. Оның ең соңғы қарсыласы- Ромео Паун болды. Ол жекпе-жек 2014 жылғы 26 қыркүйекте өтті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы болды
  • Головкин -Флойд Мейвезердің басты қорқынышы
  • Бахтияр Эюбов: Мақсатым – әлем чемпионы болу
  • Головкиннің кезекті кездесуі мамырда өтеді
  • “Astana Arlans” тағы да жеңді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге