Британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

    WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы ұлыбританиялық бокс-шы Билли Джо Сондерс WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Проспорт. кз сайты.

    Британиялық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегінде канадалық Давид Лемьені жеңген еді.
    "Головкин, қайдасың? Сенімен жұдырықтасқым келеді. Менен қашуыңды қой. Менде WBO титулы бар, сол титулды менен алып көр", - деді Сондерс.

    Осыған дейін ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің канадалық Давид Лемьені жеңіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғап қалғаны хабарланған болатын. Судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, Сондерс - 120:108, 118:110 және 117:111 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альвареске британиялық Билли Джо Сондерстен алыс жүруге кеңес берді. «Сондерсті не күтіп тұр? Ол не Альвареспен, не Головкинмен жекпе-жек өткізеді. Қазір Сондерс екеуімен бір деңгейде. Соңғы жекпе-жегінде оған қарсыласының бір соққысы да дарыған жоқ. Альварес не Головкиннің орнында болсам Сондерспен кездесуден аулақ болатын едім. Өйткені ол солақай, айлакер, иегі мықты. Ол кез келген боксшыға қиындық туғызады», — деп келтіреді Келл Бруктың сөзін Boxing News 24 сайты.
    Айта кетейік, британиялық боксшы Келл Брук 2016 жылдың 10 қыркүйек күні Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізіп, бесінші раундта жеңіліп қалған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
  • Головкин Альвареспен төбелессе, қыруар ақша алуы мүмкін
  • Головкиннен жеңілген Келл Бруктың көзіне ота жасалмақ
  • Головкин-Уэйд жекпе- жегіне 10 күн қалды
  • Головкин-Лемье жекпе-жегіне 9 күн қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге