Рахымжан Розыбакиев. «Ақтөбе» жаңа келісімшарт ұсынған жоқ

    Алматылық футболшы Рахымжан Розыбакиев өткен маусымды «Ақтөбенің» сапында бастаған. Алайда біріншіліктің басым бөлігін алған жарақатын емдеумен өткізді. 26 жастағы футболшы бағын керекулік «Ертісте» сынап көрмек. Аяқдопшы өткен маусымды қорытындылап, мансабын қайда жалғастыратынын айтып берді деп хабарлайды ProSports.kz.

    - Биылғы маусым өзіңіз үшін қалай өтті?
    - Әрине, маусым мен ойлағандай болған жоқ. Қажетсіз жарақат алып, бабымды жоғалтып алдым. Бірақ жақсы жағы да бар. Маусым бойы мықты әрі тәжірибелі футболшылармен бірге жаттықтым.
    - Өзіңіз өнер көрсеткен «Ақтөбе» үшін маусым қалай болды?
    - Айтқанымдай, «Ақтөбеде» кілең мықты футболшылар жиналған еді. Бірақ футболда бір-біріңмен үйренісу үшін уақыт қажет. Өкінішке орай, нәтиже көңілден шықпады. Оны қазбалай берсең, себептері шыға береді.
    - БАҚ беттерінде сіз керекулік «Ертіспен» бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді деп жазылып жатыр. Бұл қаншалықты рас?
    - Иә, бұл рас. «Ертіспен» бірге оқу-жаттығу жиынына аттанамын.
    - ОЖЖ қашан басталады?
    - Қаңтар айының сегізі күні.
    - «Ертістен» басқа командалардан ұсыныстар түсті ме?
    - Иә, бұдан да басқа ұсыныстар болған.
    - «Ақтөбе» өткен маусымда 9 орында тұрақтады. Команда бұдан жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын ба еді?
    - Күмәнсіз жоғары нәтижеге жететін едік. Бірақ биылғы маусым команда үшін қиын болды. Маусым барысында бас бапкер ауысты, артынша негізгі құрамның ойыншылары да өзгерді.
    - Владимир Муханов тізгінді ұстағаннан кейін қандай өзгерістер болды?
    - Тек қана жақсы өзгерістер. Ойын құрылымы да, кездесуге жоспар да толықтай өзгеріске ұшырады. Владимир Муханов – өте білікті маман! Жақсы нәтиже көрсету үшін оған жаттығу жиын-дары, уақыт пен селекцияның дұрыстығы жетпеді.
    - «Ақтөбеден» не себепті кеттіңіз?
    - Бұл клубпен бір жылдық келісімшартым болған. Ал келесі жылға жаңа келісімшарт ұсынған жоқ.
    - Ақтөбелік жанкүйерлер қандай әсер қалдырды?
    - Ақтөбедегідей жанкүйерлерді Қазақстанда көрген емеспін! Стадиондағы атмосфераны сөзбен жеткізіп айта алмаймын. Әрине, мұндай жанкүйерлер жетістікке жетелейді. Ең бастысы олар қандай жағдай болмасын бізбен бірге болып, қолдау көрсетіп жүрді. Барлық жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Әсіресе, 13 сектор – олар расында өздерінің командасы мен қаласының шын патриоты!
    - Клубтың қаржылық жағдайы қалай болды? Жалақыны толық өтемеу немесе кешіктіріп беру болды ма?
    - Кешіріңіз, мұндай сұраққа жа-уап бере алмаймын. Келісімшартта тыйым салынған.
    - Бала кездегі сүйікті футболшыңыз кім еді? Қазір ше?
    - Кішкентай кезімде Дэвид Бэкхемнің өнеріне тәнті болатынмын. Бөлмемнің барлық жеріне оның суреттерін іліп қоятынмын. Ал қазіргі уақытта сөзсіз Мессиді үздік деп санаймын.
    - Осы маусымдағы «Астананың» көрсеткен өнеріне қандай баға бере аласыз?
    - Дәл қазір «Астана» Қазақстан футболы үшін үлкен қадам жасады! Елордалық командамен Еуропаның біраз клубтары санасатын болды. Мұның өзі «Астананың» дәрежесінің көтерілгенін білдіреді. Олар үшін өте қуаныштымын. Болашақта бұдан да биік нәтижелерге жете берсін деп тілеймін!
    - Сұқбатыңызға көп рақмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Зенькович пен Байтана “Ақтөбеге” ауысты
  • Жаңа маусымдағы жаңа жиын
  • Ю.Уткульбаев: Жанкүйерлер қызықты футбол көретін болады
  • Қорытынды нәтиже - 3
  • “Ақтөбе” ФК жанкүйерлермен кездесті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге