Ақтөбелік жүзгіштер Белоруссиядан жеңіспен оралды

    Спортшылар жүзуден екі дүркін олимпиа-да чемпионы Сергей Копляковтың жүлдесіне арналған турнирде 15 медаль жеңіп алған.

    19-22 желтоқсан аралығында Минскіде Сергей Копляковтың жүлдесі үшін турнир өткізілді. Жарысқа 13 жастан жоғары 600 жүзгіш қатысты. Оған Қазақстан, Белоруссия, Ресей мен Латвияның спортшылары қатысқан. Бұл жарыста Қазақстанның намысын 30-дан астам спортшы қорғаған. Олардың арасында ақтөбелік спортшылар да бар. Турнирдің алғашқы күнінде ақтөбелік Астам Бағындықов 200 метрде баттерфляй бойынша үздік атанып, алтын медаль иеленді. Ал Қайрат Нұржанов бірнеше қашықтықта 3 қола медаль иеленді. Жарыстың екінші күнінде Айбек Қамзенов брасс әдісімен 50 метр қашықтыққа жүзуде 1 орын иеленген. Оның егізі Әлібек Қамзенов те еркін және кешенді жүзуде үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындарға ие болған. “Достық” су спорты түрлері орталығының хабарлауынша, әйелдер арасында Диана Злобина, Юлия Зубина мен Диана Тасжановалар да бірнеше қашықтықта жүлдегер атанды.Жақсы нәтиже көрсеткендердің арасында Әділ Әділгереев, Асқар Темірғали те бар. Ал Глеб Коваленя жүзуден ҚР спорт шеберінің нормативтерін орындады. Ақтөбелік жүзгіштер бұл жарыста жалпы есепте 15 медаль иеленді. Олардың арасында алтын, күміс және қола медальдар бар. Айта кетелік, Қазақстан спортшылары бұл турнирде жалпы командалық есепте алтын медальға ие болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеделік балуандар дзюдодан Қазақстан кубогін иеленді
  • Ақтөбелік палуандар “Жас барыс” турнирінен жүлдемен оралды
  • Диана Назарова жүзуден ҚР Кубогын иеленді
  • Таэквондошылар жүлдемен оралды
  • Ақтөбелік дзюдошы қола жүлде иеленді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге