“Ақтөбе” футбол командасы Түркияға аттанады

    “Ақтөбе” футбол командасы маусымаралық кезеңдегі алғашқы жиынына аттанады. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқу-жаттығу жиыны 11 қаңтарда басталып, 26 қаңтарға дейін жалғасады. Дайындықтың бұл кезеңінде жаттығулар күніне екі мезгілден болады. Бұдан бөлек 4 жолдастық кездесу жоспарланған. Ойындар 15, 18, 21, 25 қаңтарда өтеді. Әзірге “ақ-қызылдардың” қарсыластары кім екені белгісіз. Олардың аттары кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиынына баратын ойыншылардыңдың арасында Игорь Трофимец, Мұхамбет Тамабай, Асланбек Кәкімов, Бағдат Қайыров, Саят Жұмағали, Абат Айымбетов, Руслан Валиуллин, Ардақ Саулет, Антон Шурыгин, Әбілхан Әбдікәрімов, Игорь Бойчук, Слободан Симович және Марко Обрадович бар. Аты аталған ойыншылардан бөлек Түркиядағы жиынға басқа да қазақстандық және шетелдік ойыншылар келулері тиіс. Бұған дейін “Ақтөбе” футбол командасының бас директоры “SPORTINFORM” САА берген сұхбатта «Ақтөбенің » әзірге тек қарыз бойынша алда келе жатқандығын мәлімдеген еді.
    - Соңғы жылдары «Ақтөбенің» басшылығында, қаржылық секторда қиыншылық болғандығын бәрі біледі. Сонымен қатар, ФИФА тарапынан түрлі санкциялар да болуы мүмкін. Маған белгілі болғаны, бірнеше істер ФИФА - ға қарауға жөнелтілген. Біз чемпионатты кем ұпаймен бастауымыз бек мүмкін. Клубтың қарызы өте көп.
    Қазіргі уақытта қарыз сомасын айтуға қақым жоқ. Бір айтарым, клубтың соңғы жылдардағы қарызы 2018 жылға бөлінген қарыздан да асып кетеді. Мені уайымдататын осы нәрсе. Осындай ахуалда дағдарыстан тез арада шығып, көшбасшы болып кетеміз деп кепілдік беру қиын. Біз әзірге тек қарыз бойынша алда келеміз.Облыстық қаржы басқармасының тексерісі аяқталды. Осы айдың аяғына дейін облыстық ревизиялық комиссия тексеріс жасайды. Соның қорытындысы бойынша белгілі болады,-деген ол сұхбат кезінде.
    Ал 10-11 қаңтар күні “Ақтөбе” шағын футбол клубы өз алаңында алматылық "Қайратпен " кездеседі. Ойын Қазақстан чемпионатының 17 және 18 турының аясында өткізіледі. Олег Солодовниктің шәкірттері он екінші турдан соң турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Ойындар "Қоныс" спорт сарайында өтеді. Екі ойын да 19:00-де басталады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл “Ақтөбе” жастар футбол командасы өз алаңында ешкімге дес бермеген
  • "Ақтөбе" "Химки" жастарын жеңді
  • Антон Шурыгин "Ақтөбе" ойыншысы атанды
  • Жаңа маусымдағы жаңа жиын
  • Жастар құрамасы жеңіске жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге