Головкин: Мен рингтен чемпион болып кетемін

    Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегі 5 мамыр күні өтеді. Бұл жөнінде prosports.kz сайты хабарлады.

    Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.
    - Мен тағы да "Канеломен" жұдырықтасуға дайынмын. Жекпе-жектің болатынына қатты қуандым. Бұл бүкіл әлем көргісі келетін кездесу. Менің деңгейіме сай келетін бокс. Мен бірінші кездесуде кейбір төрешілердің пікірімен келіспедім. Ал бұл жолы ешқандай күмән болмайды. Мен рингтен тек орта салмақтағы чемпион ретінде кетемін", - деген Головкиннің сөзін BoxingScene.com сайты келтірді.
    Сондай-ақ, Альварес те өзінің жанкүйерлеріне қазақстандық боксшыны нокаутқа түсіретініне уәде берді.Ол бұл жекпе-жектің бокс әлеміндегі ең есте қаларлық оқиға болатынын айтады.

    BoxingScene.com порталының мәліметі бойынша, НВО арнасы тікелей эфирде көрсететін кездесулер Солтүстік Америка уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ал Астана уақыты бойынша 6 мамыр таңғы 07:00-де көрсетіледі.
    Еске салайық, олардың бірінші кездесуі 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Осылайша қазақстандық боксшы барлық чемпиондық атақтарын сақтап қалды. Бірінші кездесуден Головкин 25 миллион доллар пайда тапқан болатын. Ал алдағы екінші кездесудегі табыс бірінші жекпе-жекке қарағанда үш есе көп болады деп болжанып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
  • Головкин мен Альварес тең түсті
  • Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
  • Геннадий Головкиннің салмағы қарсыласынан жеңілірек
  • Головкин-Уэйд жекпе- жегіне 10 күн қалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге