Ақтөбеде футболдан мектеп лигасының ашылуы өтті

    «Hаmmer» спорт кешенінде 2008 жылы туған балалардың қатысуымен футболдан Мектеп лигасының ресми ашылуы болды. Естеріңізге саламыз, Ақтөбе қаласының 6 мектебінде «Футбол сабағы» жобасы бастау алған болатын. Ендігі кезекте, осы 6 мектептің арасында мектепаралық чемпионат бастау алды. Бұл нөмір бірінші спортты дамытуға бағытталған жоба.

    Турнирге 6 мектеппен қоса, «Ақтөбе» ФК-ның футбол орталығы, ОБЖОРМ, Орталық стадионның футбол командасы және «Сымбат» жекеменшік мектебі қатысып жатыр.

    «Мектеп лигасы-2018» жобасы Ақтөбе облыстық футбол Ассоциациясы, Ақтөбе қаласының әкімдігі және «Ақтөбе» ФК-ның тікелей араласуымен өтіп жатыр. Бағдарламаның салтанатты ашылуына Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов келіп, қатысушыларға ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров пен «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов та жас жеткіншектерге арнап құттықтау сөз сөйледі. «Ақтөбе» ойыншылары Асланбек Кәкімов, Игорь Трофимец және Саят Жұмағали да жас ойыншылардың қуаныштарымен бөлісті.

    «Мектеп лигасы» демеушілердің көмегінсіз өтпеуі де мүмкін еді. Бұл жобаның ұйымдастырылуына ат салысуға қаламыздың бірнеше компаниялары ниет білдірді. Соның ішінде «Дәру» клиникасын, «Акватория», «Бабәк құрылыс», «Цеснабанк», «Транстелеком-связь» компанияларын ерекше айта кетуіміз керек.
    2008 жылы туған балалар арасындағы мектеп лигасы биылғы жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Әрі қарай жасы үлкен балалар жарысқа түспек,-деп хабарлайды «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе” футбол командасы Түркияға аттанады
  • Ақтөбеге футбол клубының атақты капитандары келе жатыр
  • Ілияс Испанов триатлоннан жарысқа қатысады
  • Ақтөбеде қала әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі жарыс өтті
  • Қыздар арасындағы шағын футбол
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге