XXIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

    XXIII қысқы  Олимпиада ойындары  аяқталды

    Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындары бүгін ресми аяқталды,-деп хабарлайды prosports.kz

    Алты құрлық асыға күткен кезекті ақ Олимпиада да тарих қойнауына енді. Дүбірлі додада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Ақпан айының басынан бастап корей түбегіне ағылған 80-нен астам елден келген спортшылар 17 күн бойы бізді қызыққа бөледі.
    Солардың қатарында бақ сынаған қазақстандық спортшылар да біреуден кем, біреуден артық нәтиже көрсетіп қайтты. Қазақстандықтар Олимпиадаға спорттың 9 түрінен қатысты. Олар биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаиль, акробатика могул жарыстары. Өкінішке орай, нәтижеміз көңіл көншітерлік болды деп айта алмаймыз. Команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген жалғыз қола медаль бар. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 28-ші орын алды.
    Командалық есепте бірінші орынды 39 медальмен Норвегия құрамасы алды. Екінші орынды 31 медальмен Германия иеленді. Ал үздік үштікті 29 медаль алған Канада спортшылары түйіндеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қысқы Олимпиада ойындарында Орталық Азия намысын Қазақстан бір өзі қорғамақ
  • Олимпиада-2018: Ең көп медаль қай спорт түрінде сарапқа салынады
  • Азиада: Қазақстан 4-ші орында
  • Универсиада: Қазақстан екінші орында
  • Әлемнің мықты спортшылары Алматыда бақ сынайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге