«Канело» Головкинді нокаутқа жіберуге уәде етті

    Сауль Альварес Геннадий Головкинге қарсы екінші жекпе-жек қайда өтетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды stan.kz

    «GGG-мен тарихи реваншта кездесу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет оралатыныма қуаныштымын. Бұл орын менің сүйікті аренама айналды. Айқас осы жерден басталған еді және осы жерде мен оны аяқтаймын: Менен жанкүйерлерім нені күтсе, соны жасайын – оны нокаутқа жіберемін!», – деді Канело.
    WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес қарымта жекпе-жектерін биыл 5 мамырда өткізеді. Өткен жолғы қос боксшының алғашқы кездесуі төрешілердің шешімімен тең аяқталды.
    Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеевке Головкиннің өзі телефон арқылы хабарлаған. «Қазір ғана Геннадий қоңырау шалып, 5 мамырдағы жекпе-жектің күні белгіленгенін айтты, ол Лас-Вегаста өтеді!»,-деп жазды Тінікеев Facebook-тегі парақшасына.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Головкин: Мен рингтен чемпион болып кетемін
  • Британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
  • Головкин мен Альварес тең түсті
  • Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
  • Головкиннің кезекті кездесуі мамырда өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге