Азия чемпионы Нұрислам Санаев жеңіспен оралды

    Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Ақтөбе облысынан 3 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 қола медальға ие болды.

    Ақтөбелік жанкүйерлер Азия чемпионатында жеңіспен келген Нұрислам Санаевты күтіп алды. Облыс тарихында алғаш рет 61 келі салмақта еркін күрестен Азия чемпионатының алтынын қоржынына байлады. Соңғы рет облыста Азия чемпионы болып 2004 жылы бокстан Галиб Джафаров атанған еді. Арада 14 жылдан соң Нұрислам сол жеңісті қайталады.
    Нұрислам алғашқы кездесуін Моңғолия елінің спортшысымен өткізіп 9:0 есебімен аяқтады. Қырғызстан спортшысын 7:4 есебімен, Иран спортшысын 5:4 есебімен ақтық сыңға жолдама алды. Соңғы кездесуін Жапония елінің спортшысын 6:2 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осы жеңісінің нәтижесінде Нұрислам 18 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына жолдама алды.
    Айта кетейік, Мейрамбек Айнағұлов 63 келі салмақта грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді. Бұл жолы палуанымыз жарыстың жеребесіне сай алғашқы кездесуін бос жіберді. ¼ финалында 19 секунд ішінде ирандық спортшыны таза техникалық жеңіспен жеңді. Финалға шығу тұсында 13:8 есебімен Өзбекстан өкіліне есе жіберді. Қола жүлде үшін Үндістан спортшысымен белдесуге шығып 9:0 есебімен жеңісті қолынан бермеді.
    Мейрамбекті алдағы уақытта, 10-12 сәуірде Иранда өтетін командалық Әлем Кубогі күтуде. Сонымен қатар халықаралық жарыстар және сәуір айының аяғында Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионаты күтіп тұр. Мейрамбек осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Халықаралық олимпиада комитетінің стипендиаты атанды.
    Айжан Исмағұлова 58 келі салмақта грэпплингтен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Жеңіс жолына жету кезінде Айжан алғашқы белдесуін Үндістан қызымен өткізіп, 12:0 есебімен жеңіп шықты. Келесі белдесу қырғыз қызымен болды. Алайда, қырғыз қызының ауыр жарақатына байланысты төрешілер жеңісті Айжанның пайдасына шешті. Ал, финалда алматылық қазақ қызбен белдесу өткізді. Нәтижесі 5:2 есебімен таза жеңісті көрсетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Азия чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдегер атанды
  • Мейрамбек Айнағұлов “Тахти кубогында” қола медаль алды
  • Мейрамбек Айнағұлов чемпион атанды
  • Азияның қоласы төрт жылдан соң тағы Ақтөбеге келді
  • Қазақ палуандары Азия чемпионатына барады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге