Ақтөбеліктер тағы да есе жіберді

    Ақтөбеліктер  тағы да есе жіберді

    «Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Мухановтың матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында ақтөбеліктердің мүмкіндіктері көп болғанын атап өтті,-деп хабарлайды «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.

    - Бүгінгі матчқа пікір білдіру маған оңай емес. Біздің команда бүгін жаман ойнаған жоқ. Ойын тұрғысында қарсыласқа есе жібере қойған жоқпыз. Тіпті кей уақытта алаң иелерінен басым ойнадық. Бірінші гол аяқ астынан болды. Алғашқы стандарттан-ақ өрескел қателестік. Содан соң Досмағамбетовтың керемет голы. Бұл біз үшін шок болды. Бірақ біз дереу есімізді жинап, ойынға қайта орала алдық. Бәлкім қауіпті сәттер аз болса да, ойын барысын бақылауда ұстадық. Үзіліс алдында бір голмен жауап қаттық. Екінші таймда ойынды өз пайдамызға шешеміз деген үміт болған. Бірақ, өкінішке орай, біз өте сақ ойнадық. Ойыншы ауыстырғанға дейінгі аралықта қауіпті ештеңе ұйымдастыра алмадық. Сосын қорғаныстағы қателік себепті үшінші голды жіберіп алдық. Кейін жаңа серпінмен шабуылға шыға бастадық. Жақсы мүмкіндіктеріміз де болды. Оларды дұрыс пайдаланғанымызда, есеп теңесер еді. Мүмкіндіктерімізді голға айналдыру мұң болды. Қайталап айтайын, ойын тең дәрежеде өтті.

    Еске сала кетейік, Айымбетов жарақат алғандығына байланысты алаңға шыға алмады. Ақтөбелік команда оған сенім артады. Ол алдағы дүйсенбіден бастап жалпы топқа қосылуы тиіс. Трофимец те сондай жағдайда жүр. Игорь де жақын арада командаға қосылады.
    - Алаңның сапасына келер болсақ, бұл алаңда комбинациялық ойын көрсетуге болады. Кей жерлерінде кедір-бұдыр тұстары бар. Бүгін жаңбыр жауып, біршама тегістеліп қалды. Алаңға кінәрат жоқ,- «Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Муханов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • «Ақтөбе» - «Диошдьёр» тең есепте тіркелді
  • Владимир Муханов: Мен бүгін өз командамның ойыншыларын танымадым
  • Жастар жеңістен құр қалды
  • Ақтөбе жастары 11 орынға сырғыды
  • “Ақтөбе” ФК көш басында
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге