Головкин тарихи рекорд орнатты

    Головкин тарихи рекорд  орнатты

    Головкин мен Мартиросянның Карсонда өткен жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Армения жерінің тумасы үшін бұл жеңіліс спорттық мансабындағы алғашқысы болып отыр,-деп хабарлайды prosports.kz

    «Мені пойыз қағып өткендей болды. Бір ғана соққысы емес, барлық соққысы күшті болды. Маған ешқашан мұншама қатты соққы берген емес. Енді мен Канелоның неліктен допинг қолданғанын түсінемін. “Канело” әлі көп нәрсені дәлелдеуі тиіс. Енді мен оның неліктен “ондай ет жегенін” түсініп отырмын»,– дейді Мартиросян.
    «Мен рингке қайта шықтым және өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Маған қолдау білдірген Қазақстандағы барша достарыма, жанкүйерлеріме алғысымды айтамын. Ванес - ол талапты боксшы, шаршы алаңда бірнеше жақсы соққыларын дарыта алды. Бірінші раундтан кейін бұл кездесу оңайға түспейді деген ойға да келдім. Алайда жекпе-жекті екінші раундта аяқтауға қауқарлы болдым», - деді Головкин.
    Мұнымен қоса ол 5 мамыр күні өтуі тиіс болған жекпе-жекке қатысты Сауль «Канело» Альвареске қаратып үндеу жасады.
    «Мен кез келген қарсыласқа дайынмын. Егер де «Канело» жекпе-жекке дайын болса, мен де дайынмын. Мен көп жылдар бойы чемпиондығымды сақтап келемін. Менің белдіктерімді алғыларың келе ме? Онда жекпе-жекке шығып, тырысып көріңіздер», - деді Генадий Головкин.
    Бұдан бөлек Генадий жанкүйерлеріне бірнеше тілде әлеуметтік желі арқылы өз алғысын айтып үлгерді.
    Естеріңізге салсақ, IBF талабы бойынша Головкин 3 тамызға дейін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуы тиіс. Әйтпесе, ол белбеуінен айырылады.
    Айта кетсек, Головкин 20-сыншы рет өзінің чемпион титулын қорғап, әлемдік бокс бойынша тарихи рекорд орнатты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Головкин алдағы жарысқа дайындық үстінде
  • Головкин мен «Канеллоның» жекпе-жегі өтетін болады
  • Головкин: Мен рингтен чемпион болып кетемін
  • Головкин мен Альварес тең түсті
  • Головкин: Менің белбеуімді бер, Канело!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге