Спорттық жарыстан 300 қызметкер бақ сынасты

    Ақтөбеде алғаш рет мемлекеттік тексеру қызметкерлері арасында І республикалық спартакиада өткізілді.

    Ақтөбе қаласында бес футбол алаңынан тұратын жаттығу спорт кешенінде мемлекеттік тексеру қызметкерлері арасында І республикалық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жарысты ашқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев спортпен тек ғана кәсіпқой спортшылар ғана емес жалпы бұқара халықтарының айналысуы керектігін атап өтті.
    - «Мемлекет басшысының бұқаралық спортқа көп көңіл бөліп отырғанын өздеріңіз білесіздер, ең кем дегенде халқымыздың 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы керек. Осының аясында Ақтөбе қаласында бірінші рет мемлекеттік тексеру қызметкерлерінің жарысы өткізіліп отыр. Арнайы шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін баршаңызға алғыс білдіремін және жарыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспін»,- деді Бердібек Сапарбаев.
    Шара барысында спартакиада қатысушысы, Астана қаласы бо-йынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Серік Әкімтайұлы ақтөбелік ұйымдастыруышыларға алғысын айтып, жарыс өте жоғарғы деңгейде өтіп жатқанын жеткізді.
    - «Биыл мемлекеттік тексеру органдарының құрылғанына 7 жыл толды. Осы жылдардың ішінде алғаш рет осындай үлкен шара ұйымдастырылып отыр. Шараға Астана қаласынан барлығы 16 адам келдік. Барынша жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамыз»,- дейді Серік Әкімтайұлы.
    Айта кетейік, аталмыш спартакиада республика бойынша алғашқы рет Ақтөбе қаласында Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілуде. Жарысқа республикамыздың 11 облысынан 300-ге жуық қызметкер қатысып жатыр. Олар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, дартс және шахмат спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты. Екі күнге созылатын жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, алғыс хаттармен және кубоктармен марапатталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жеңіс күніне жүзуден жарыс ұйымдастырылды
  • Палуандар бақ сынасты
  • Облыстық спартакиаданың іріктеуі өтті
  • Темір ауданында спартакиада аяқталды
  • Жасөспірімдер Республиқалық жарыстан жеңіспен оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге