Владимир Мұханов: Қарасаң көз тоймайтын голдар соғылған күн болды

    «Ақтөбе» ФК бас бапкері «Атырау-мен» өткен ойынға пікір білдірді. 5:1 есебімен жеңіске жеткен ақтөбеліктер жанкүйерлерін қуантты. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі хабарлайды.

    -Бүгінгі ойын біздің жанкүйерлерге ұнады деген ойдамын. Матч өте қарқынды басталды, сонысымен бізді таңғалдырды. Себебі «Атырау» сырт алаңда көбіне қорғаныс арқылы ойнайтын еді. Бірақ бүгін олар ашық футбол ойнаймыз деп шешкен екен. Әрине, кейбір ойын сәттерінде бізге қиын болды. Олар бірінші тайм бойы бізді алаңның әрбір бөлігінде тықсырып бақты. Біз қарсыластың қысымына қарамастан, бірінші болып гол соқтық. Ал екінші таймда біз олардың қателіктерін ұтымды пайдалана білдік. Қай голды алып қарасаң да көз тоймайды. Бүгінгі жеңіске ешкімнің де күмәні қалмасы анық. Ойыннан соң облыс әкімі өзі келіп құттықтады. Бәріміз ризамыз. Марьянович жарақат алып қалған болатын. Соншалықты ауыр жарақат емес деп үміттенеміз. Тәуекелге бармай, оны алаңға шығарған жоқпыз. Келесі турда Симчевич ойнайды, Морис те жарақатынан айығып келе жатыр. Иә, әрине, құрамды күшейткіміз келетіні рас, әсіресе ортаңғы шепті. Бірақ белгілі себептерге байланысты біз құрамымызды күшейте алмайтын секілдіміз. Бірақ үмітсіз – шайтан дегендей, үмітімізді үзбейміз. Бағымызға орай, біз қысымнан шыға білдік. Өрескел қателік жасамадық. Олар бірінші таймда аса көп қауіп төндіре алмады, екінші таймда жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда ол мүмкіндіктер біз өзімізге тиімді ойын есебіне қол жеткізген соң барып туындай бастады. Бірақ біздің ұйымдастырған шабуылдарымыз көбірек болды,-дейді «Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Мұханов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктердің тағы бір жеңісі
  • Владимир Муханов: Біз ынтымағымыз жарасқан командамыз
  • “Жеңіліп қалған өзіміз”
  • Владимир Муханов: Бәрі ойнады, тырысып бақты.
  • Ақтөбеліктер тағы да есе жіберді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге