Трансферлік кезең жаңалықтары

    Трансферлік кезең  жаңалықтары

    Қазақстандық клубтар үшін 10 маусымнан бастап трансферлік терезе ашылды. Айта кетейік, бұл өзге елдердегі трансферлік кезеңмен тұспа-тұс келетін уақыт. Құрамына жаңа ойыншы алғысы келетін қазақстандық клубтар жетінші шілдеге дейін үлгеруі тиіс. Жазғы трансферлік кезеңнің межелі уақыты жетінші шілдеге дейін ғана.

    “Ақтөбе” ФК трансфері
    Трансферлік кезеңде “Ақтөбе” ФК да қарап қалмақ емес. Владимир Газзаев шетелдік шәкірттерінің санын тағы бір адамға көбейтті. Бес дүркін Қазақстан чемпионы болған клуб құрамына румыниялық жартылай қорғаушы Чиприян Дяк қосылды.

    Айта кетейік, клуб құрамында бұған дейін ойнап келген легионерлер саны жетеу. Олар: украиналық Антонов, нигериялық Аделейе, литвалық Жулпа, бразилиялықтар Сантана, Неко және Де Оливейра, армения-бразилиялық Пиззелли. Бұл ойыншылар арасынан украиналық форвард Алексей Антонов трансферге қойылды. Шабуылшыны бұл трансферлік кезеңде ешбір клуб сатып алмаса, клуб басшылығы Алексейге қомақты қаржы беріп, шығарып салуына тура келеді. Бұл трансфер “базарының” заңдылығы.

    Клуб өз құрамына жаңа ойыншы қосып үлгерді. Ақтөбелік клубтың қатарына қосылған румыниялық ойыншы 29 жаста. Ол 15 маусымда командамен бірге алғаш рет жаттықты. Чиприан Дяк жартылай қорғаушы шебінде өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл позицияда бізде Марат Хайруллин, Маркос Пиззелли, Данило Неко, Дидар Жалмұқан бар. Қажет жағдайда Абат Әйімбетов пен Павел Шабалин де алаңның осы бөлігінде ойнай алады. Сондай-ақ, тіреуіш жартылай қорғаушылар да бар. Олар: Асхат Тағыберген, Артурас Жулпа және Валерий Коробкин.

    Бас бапкер Владимир Газзаев жаңа ойыншыны алаңның қай бөлігінде ойнататыны беймәлім. Алайда, бұған дейінгі ойындарын ескерсек, Дяк Марат Хайруллин және Маркос Пиззелимен бәсекелес болуы ықтимал. Тағы бір айта кететіні, ойыншы солақай.

    Ақтөбелік клубтың қатарына келуі мүмкін тағы бір ойыншының есімі белгілі болды. Алайда, бұл ресми мәлімет емес. Жартылай қорғаушы шебінде өнер көрсететін 18 жасар Код-д’Ивуар азаматы Аиссан Жуниор бапкерлердің назарын аудартқан. Алайда, сарапшылар жартылай қорғаныс шебінде ойыншы саны көп болып кеткендігін айтады.
    -Жартылай қорғаушылар жетіп-артылады. Бас бапкер енді Хижниченко мен Оливейроның қатарына жақсы бір шабуылдаушы қосуы қажет. Жылдам әрі техникасы бар шабуылшы Еуропа лигасында қажет болады. Қалған шептерге де қазақстандық ойыншыларды алғаны дұрыс. Біздің елде де жақсы өнер көрсете алатын ойыншылар бар,- дейді Нұржан Сәрсенбаев.
    -Құрамада өнер көрсететін Шмидгальді алуымызға болады. Немістің төменгі лигасында жөнді ойын көрсете алмай жүр. Біздің команда құрамына қосылса жақсы болар еді,- дейді жеке пікірін білдірген жанкүйерлердің бірі Аманжол Алидуллин.
    Бұған дейін де “Ақтөбенің” шабуыл шебі ақсап тұрғанын айтқан болатынбыз. Клубқа келетін ойыншыларды сараптап, іріктейтін де, соңғы шешімді қабылдайтын да бас бапкер. Трансферлік кезең әлі 20 күн бойы ашық болатынын ескерсек, байыппен, асықпай таңдағаны да жөн.

    Қазақстан Премьер Лигасы трансфері
    Трансферлік кезеңде еліміздің өзге де клубтары өз қатарын толықтыруға бар күштерін салып жатыр. “Ақтөбе” ФК экс-бас бапкері Владимир Мұханов көкшетаулық “Оқжетпес” ФК биыл жаттықтыра бастады. Аз уақыт ішінде нәтижелі өнер көрсеткен бапкер командаға жаңа қақпашы қарастыруда. Оның назарына іліккендердің бірі - “Ақтөбе” ФК қосалқы құрамдағы қақпашысы Алмат Бекбаев. 30 жастағы қақпашы “Ақтөбе” ФК негізгі құрамына әлі де іліге алмай келе жатыр. Владимир Газзаев негізгі қақпашы ретінде ұлттық құраманың жас қақпашысы Стас Покатиловқа сенім артады.

    Қазақстан мен Түркия арасындағы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында өткен матчта Стас Покатилов жақсы өнер көрсеткен болатын. Осы кездесуден кейін түріктің БАҚ жарық көрген мақалаларда Стасқа түркиялық клуб қызығушылық танытып отырғаны туралы жазылды. Түркияның “Ризеспор” клубы қақпашы орны ақсап тұрғандықтан, жаңа ойыншы қарап жүргенін жасырмайды. Айта кетейік, аталмыш клубта қазақстандық қорғаушы Самат Сымақов пен қақпашы Давид Лория өнер көрсеткен болатын. Қазір “Ризеспор” ФК Түркияның суперлигасында 14-ші орында тұр.

    Трансферлік кезеңнің алғашқы күндерінде ҚПЛ клубтары құрамына ойыншы қосып үлгерді. Қызылорданың “Қайсар” клубы құрамына “Қайрат” ФК экс-ойыншысы Йосип Кнеживичті қосты. Хорватиялық жартылай қорғаушы енді қызылордалықтардың намысын қорғайтын болады.

    Қостанайлық “Тобыл” ФК қорғаныш шебіне украиналық Сергей Яворскийді алды. Енді қорғаушы 23 нөмірмен өнер көрсетеді. Сондай-ақ, қостанайлық клуб өз құрамына “Ақтөбенің” экс-шабуылшысы Игорь Зеньковичті алмақшы. Ал, алматылық “Қайрат” футбол клубының бразилиялық жартылай қорғаушысы Пауло Сезар жарақатынан айыға алмады. Нәтижесінде келісім шартты бұзуға тура келген. 20 жастағы бразилиялықтың ендігі клубы анықталған жоқ.

    Әлем трансфері
    Қазақстан премьер лигасынан бөлек, әлемнің танымал лигалары да бұл трансферлік кезеңде сырт қалмасы анық. Әлемнің беделді клубтары құрамына мықты деген ойыншыларды қосуды көздеп отыр. Назарларыңызға айтулы трансфер жаңалықтары мен болуы ықтимал трансферлерді ұсынамыз.

    “Челси” ағылшын премьер лигасының чемпиондары командадан кеткен Дидье Дрогбаның орнына аргентиналық Гонсало Игуаинды көздеп отыр. Клуб бұл шабуылшыға 40 млн еуро қаражат дайындап та қойған. “Наполи” ФК келіскен жағдайда, Игуаин лондондық клубтың қатарын осы жазда толықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, бұл ойыншыға "Ливерпуль", "Арсенал" және "Манчестер Юнайтед" клубтары да келісім шарт ұсынып отыр.

    Сондай-ақ, лондондық клуб “Астон Вилла” клубынан кетуді қалап отырған Кристиан Бентекені де қатарға қосуға қарсы емес. Ал қатарға қосылғанына төрт ай болған Хуан Куадрадо бапкерлердің үмітін ақтамаған. Тиімді келісім шарт ұсынған жағдайда клуб ұжымы Куадрадоны сатуға қарсы емес. Бұл ойыншыны “Ювентус” клубы сатып алуы мүмкін.

    “Реал Мадрид” Корольдік клуб ағылшындық “Манчестер Сити” клубының шабуылшысы Серхио Агуэроны сатып алуды жоспарлап отыр. Клуб басшылары ол үшін 100 млн. еуро бөлген. Бұл трансфер үшін шығынға қалмауды жоспарлаған клуб басшылығы, француз Карим Бенземаны трансферге қойды. Сондай-ақ, “Манчестер Юнайтед” командасынан жалға алған Хавиер Эрнандеспен де келісім шартты ұзартудан бас тартты. Енді Хавиер Эрнандес италиялық “Интер” клубына қосылуы ықтимал.

    Төрт аптаға созылатын трансферлік кезеңнің алғашқы аптасының жаңалықтары осындай. Енді қыза бастаған трансфер “базарының” өзге де жаңалықтарын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. Немесе kerek-info.kz сайтынан оқуларыңызға болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Трансферлік кезеңде “Ақтөбеге” қандай ойыншы керек?
  • Айоделе Аделейе немесе Әділгерей, Әділбек, Қара бала
  • “Ақтөбе” ФК өз алаңында алғашқы жеңісін тойлады
  • Владимир Газзаев: Бізді бір қырсық шалғандай
  • “Ақтөбе” ФК жаңа шабуылшысы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге