Абат Айымбетов: Кезінде «эль-классико» атанған матча жеңіске жету біз үшін өте маңызды

    «Ақтөбе» шабуылшысы «Тобылмен» өткен ойыннан кейін пікір білдірді. Өткен ойынша 3:1 есебімен жеңіске жеткен ақтөбеліктердің қуанышы еселей түсті.

    - Біз жеңіске жеткеніміз үшін өте қуаныштымыз. Ойын жайлы айтар болсақ – ойын біз ойлағандай өтті. Бірақ бірінші таймда ойын онша жүре қоймады. Қарсылас команда қарымта шабуылды жақсы өрбіте білді. Соның кесірінен өз қақпамызға гол соқтырып алдық. Алайда тез арада есімізді жиып, ойын тізгінін өз қолымызға ала бастадық. Соның арқасында аз уақыттың ішінде екі гол соқтық. Матч соңында жылдам қарымта шабуылдың арқасында үшінші голды соғып, ойын нүктесін әдемі қойдық. «Тобылмен» өтетін әрбір ойын біз үшін оңайға соқпайды. Бұрыннан бітіспес қарсылас екендігіміз белгілі. Кезінде «эль-классико» атанып кеткен текетіресте жеңіске жету біз үшін өте маңызды. «Тобыл» ойыншылары шабуылға шығып, біз қорғанысқа қайтқанбыз, сол кезде біздің жігіттер алға қарай доп тепкен, мен жылдам ұшқан допқа бірінші жетіп, Маркостың аяғына салып бердім. Өзімнің пасыма да, Пиццаның мүлт кетпейтініне де 100 % сенімді болдым. «Тобыл» өте мықты команда. Ол еліміздегі кез-келген командаға лайықты қарсылық көрсете алады. Олар бізді солай ойнауға мәжбүрледі деп айтсам болады. Бірақ біздің бапкерлік штаб дер кезінде ойын барысына өзгеріс енгізіп отырды. Соның арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын,-дейді Абат Айымбетов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Командаға да, жанкүйерлерге де рақмет.
  • Олег Лотов: Бүкіл ойын бойы тәртіпті ойнап үйрену керек.
  • Владимир Муханов: Біз ынтымағымыз жарасқан командамыз
  • “Жеңіліп қалған өзіміз”
  • Ақтөбелік футболшылар жеңіске жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге