Командаға да, жанкүйерлерге де рақмет.

    Командаға да, жанкүйерлерге де рақмет.

    Ақтөбе футбол командасының бас бапкері Владимир Мұханов «Тобылмен» өткен ойынға қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі хабарлайды.

    - Бүгінгі дерби жақсы өтті. Қанша жылдан бері қос команда арасындағы кездесулер әрдайым тартысты өтіп келеді. Бірінші таймда біз допқа көп иелік еттік. Бір жағынан біз бәрін дұрыс жасап отырдық. Бірақ бәрін тез-тез жасауымыз керек еді. Шабуылдың бағытын күрт өзгертіп, диагональдарды пайдалануымыз керек-тін. Біз бұл туралы матч басында-ақ ойыншылардың құлағына құйып қойғанбыз. Бірақ ойлағанымыздай болмай жатты. Алаң сапасы да нашарлау болды. Допты тез иіріп әкетуге келмеді. Күз мезгілінде жасыл шөп сапасы сыр беретіні бесенеден белгілі. Кедір-бұдырдың бәрі ойынға кері әсер етеді. Тағы бір айта кететін нәрсе – қарсылас бірінші таймда он адам болып қорғанды. Қаптаған қорғаушыларды бұзып-жару қиынның қиыны. Оның үстіне, «Тобыл» ойыншыларының бос кеңістікте еркін ойнай алатындығын білетін менің ойыншыларым қорғанысқа қарайлай ойнады. Қарымта шабуылға жылдам шығып кете алады. Осының бәрі әсер етпей қоймайды. Әрине, үзіліс кезінде ойынға өзгеріс енгіздік. Алайда әдеттегідей екінші таймды жөнді бастай алмаймыз. Жасанды оффсайд жасаймыз деп жүргенде гол кіргізіп алдық. Мен бұлай жасаудың керек еместігін бұрыннан айтып келемін. Бірақ дәл осы голдан соң біз қарқынды ойнай бастадық. Бәлкім ойыншылар тәуекелге барып, қорқатын ештеңе қалған жоқ дегендей екіленіп ойнағаннан болар және қарсыластың бүгінгі ойынның фавориті саналғаны рас – ойынымыз түлеп салды. Осындай ойын матч нәтижесіне оң өзгеріс енгізді. Біз биылғы маусымда бірнеше рет осындай қиын ойындарды көрдік. Киім ауыстыратын бөлмеде бәрін құттықтадым. Жігіттер бүгін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жүкті жұмыла көтерді. Жігіттердің бойынан осы маусым бойына көріп-байқап келе жатқан жақсы қасиет бұл. Ешкім ештеңені бүлдірген жоқ, бәрі еңбектенді, қолдарынан келгенше тырысып бақты. Жанкүйерлер де әдеттегідей өте белсенді болды. Бізді шабуылға ынталандырды, үнемі қолдаумен болды. Командаға да, жанкүйерлерге де рақмет,-дейді Владимир Мұханов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Владимир Мұханов: Қарасаң көз тоймайтын голдар соғылған күн болды
  • Ақтөбеліктердің тағы бір жеңісі
  • Ақтөбеліктер өз алаңында ұпай жоғалтты
  • Ақтөбелік футболшылар жеңіске жетті
  • Владимир Муханов: Бәрі ойнады, тырысып бақты.
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге