Ақтөбеліктер ел чемпионаты

    Ақтөбеліктер  ел чемпионаты

    Ақтөбе қаласының "Казхром" ТҰК дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында қол добынан 2003 ж.т. жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Ақтөбеліктер төртінші жыл қатарынан ел чемпионаты атағына ие болды.

    Чемпионатқа еліміздің әр өңірлерінен 8 команда қатысып, олар өзара бақ сынасты. Алдымен командалар екі топта мықтыларды анықтады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша төрт команда жартылай финалда жарысты жалғастырды. Бірінші орын үшін тартыста біздің ақтөбелік «Казxром» командасы Павлодардан келген спортшыларды жеңді. Осылайша, дәстүрлі чемпионаттың қорытындысы бойынша Павлодардың командасы екінші болды, ал жүлдегерлер үштігінен шымкенттіктер көрінді.
    Басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов үздік деп танылған командаларды жеңістерімен құттықтап, барлық қатысушыларға зор алғысын білдірді. Сондай-ақ, жеңімпаз командаға арнайы кубок табыс етті.
    Айта кетейік, облысымыздың «Казxром» командасы қол добынан жасөспірімдер арасында биыл 4-рет чемпиондық атаққа ие болып отыр.
    Сонымен қатар, облыста аталмыш спорт түрінің жетістігі жүйелі болуы және балалар мен жасөспірімдер арасында қол добын дамыту үшін биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына қол добы спорт түрі енгізілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының командасы волейболдан ҚР чемпионы атанды
  • Қол добынан қыздар арасында ақтөбелік команда ел чемпионы атанды
  • Ақтөбелік «Горняк» командасы жеңімпаз
  • Ақтөбе қаласында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтуде
  • Ақтөбеде қала әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі жарыс өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге