«Жанкүйерлер, кешіріңдер!»

    Ақтөбеліктер футбол десе стадионға жүгіреді. Қазақстан бойынша ең көп жанкүйер жинайтын ақтөбелік футболшылар екенін айтпай-ақ білеміз. Десе де соңғы екі жылда футболшыларымыз үмітті ақтап жүрген жоқ. Осы жолы да солай болды. Тіпті қорытынды есепті айтуға қорқып қалдық. Есеп 6:0. «Ақтөбе» өзге алаңда «Қайрат» командасынан құрғақ есепте ұтылды. Бірақ жанкүйерлердің әлі де үміттері сөнген жоқ.
    «Жанкүйерлер, кешіріңдер!»
    «Мен тағы да біздің жанкүйерлерге қайранмын»

    «Ақ-қызылдардың» бас бапкері «Қайрат» - «Ақтөбе» матчына пікір білдірді. Қарсылас команданы жеңісімен құттықтап, «Қайраттың» барлық жағынан мықты болғанын айтып өтті.
    -Алғашқы минуттардан-ақ ойынымыз жүрмеді. Одан кейін алаң
    иелеріне қанат бітіп, біз керісінше бәсеңсіп қалдық. Бірдеңе деп айту қиын. Бұл ойын біз үшін сабақ болады деген ойдамын. Ойыншыларым осындай деңгейді бір көріп, тез қимылдауды үйренсе деймін. Өкінішке орай, біз баяу қимылдап жүрміз. Бұл ойын біз үшін жаңа бір кезең болмақ. Алаң иелері ойыншыларының жеке бас шеберлігі жоғары. Олар ұзақ ойлануға мұрша бермейді. Біз бұған төтеп бергіміз-ақ келеді, бірақ айырмашылық көрініп тұр. Мен кезекті рет біздің жанкүйерлерге қайранмын. Бұлай болуы мүмкін емес. Адам айтса сенгісіз. Бұндай нәрсе басқа жерде бар ма екен? Олар бізді бөтен қалада матч басталғаннан бастап соңына дейін қолдап шықты. Тіпті осындай ірі жеңілістен соң да бізге түсіністікпен қарап, қолдау сөздерін аямады. Бұны клубқа, ойыншыларға берілген үлкен аванс деп түсінемін. Бұл дүниені жақсы жағынан түсініп, дұрыс қабылдай аламыз деп сенемін. "Қайратқа" алтын медаль жолында тек сәттілік тілеймін. Ең мықтысы жеңсін,-деді «Ақтөбенің» бас бапкері Александр Седнев.

    «Ақтөбе» жанкүйерлері бүгін сұмдық қолдау көрсетті»

    Алматылықтардың бас бапкері футболшыларының ойынға асқан жауапкершілікпен келгенін жеткізді. Енді олар осы жеңістен кейін «Астанамен» өтетін ойынға дайындықтарын бастайды.
    -Ойын нәтижесіне де көңіл толады. Әріптесім Александр Седневке тек
    сәттілік тілегім келеді. Оған да, командасына да оңай емес. Бірдеңе болып, олардың Премьер-лигада қалғанын қалаймын, себебі олардың жанкүйерлері бүгін сұмдық қолдау көрсетті, үлкен футбол атмосферасын жасады. Сол үшін де оларға рахмет. Бізде әлі төрт ойын бар. Енді қалыпқа келіп алу керек, әсіресе ұлттық құрамаға кететіндер үшін маңызды. Жарақаттан дін-аман келеді деген үміттемін. Содан соң "Астанамен" өтетін ойынға дайындаламыз,-деді «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Алексей Шпилевский.

    «0:2 есебінен кейін ойынға қайта оралу қиын болды»

    «Ақ-қызылдардың» қорғаушысы «Қайрат» - «Ақтөбе» матчына пікір білдірді.
    - Өкінішке орай, алғашқы минуттардан-ақ ойын жүрмеді. 0:2 есебінен кейін ойынға қайта оралу қиын болды, бірақ біз қолымыздан келгенше есепті теңестіруге тырыстық. Қос команданың деңгейі мен ойыншылардың жеке бас шеберліктері анық байқалды,-деді Виталий Волков.
    Ал, Ақтөбеліктердің жартылай қорғаушысы Александр Кицак жанкүйерлерге алғысын айтып, кешірім сұрады.
    -Қиын ойын болды. Өкінішке орай, "Қайратқа" қарсы қауқар көрсете алмадық, олар бар жағынан мықты болды. Ақ-қызыл жанкүйерлерге алғыс айтамын - сіздер ең үздіксіздер. Осындай келеңсіз нәтиже үшін кешірім сұрағым келеді,-деді Александр Кицак.
    «Жанкүйерлер, кешіріңдер!»

    Ұқсас жаңалықтар
  • "Ойын біз күткендей болды"
  • "Ойын біз үшін қиынға соқты"
  • Жанкүйерлерден кешірім сұраймын
  • Командаға да, жанкүйерлерге де рақмет.
  • Владимир Мұханов: Қарасаң көз тоймайтын голдар соғылған күн болды
  • «Ақтөбе» футбол клубының жеңісті сәті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге