Бахтияр Эюбовтың алтыншы жеңісі

    Бахтияр Эюбовтың алтыншы жеңісі

    Ақтөбелік боксшы америкалық Джейсон Томпсонды жеңді. Барлығы 4 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталған. Бахтияр қарсыласын екі раунд ішінде екі рет ауыр ногдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған.

    “Керек.info” тілшісімен телефонмен сөйлескен Бахтияр Эюбов бұл жекпе-жектің оңайға түспегенін айтты.
    -Қарсыласым менен жасы әлдеқайда үлкен, шыдамды, тәжірибесі де көп. Бірақ, мен о бастан өліспей, беріспеуге бел байлаған болатынмын. Бұл жекпе-жек Ниагара сарқырамасы маңындағы казинода болды. Әлемнің сегізінші кереметі Ниагара сарқырамасын көріп таңдандым. Алтыншы жеңісімнен соң бойыма ерекше күш-қуат бітіп, тіпті шабыттанып кеттім,-деді Бахтияр “Керек.info” тілшісіне берген сұқбатында.
    Айта кетейік, Бахтияр Эюбов ақтөбелік және қазақстандық спорт басқармаларынан, жеке кәсіпкерлерден қолдау таппай, 3 жыл бойы өз бетінше жаттыққан болатын. Биыл америкалық “Salita promoution” онымен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксшы рингке қайта оралды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бахтияр Эюбов: Барлығына рақмет!
  • Бахтияр Эюбов: Мен бокстеспеймін, мен төбелесемін
  • Бахтияр Эюбов спорттық мансабын жалғастырады
  • Бахтияр Эюбов: Мақсатым – әлем чемпионы болу
  • Головкиннің кезекті кездесуі мамырда өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге