Жетінші нокаут

    Жетінші нокаут

    Ақтөбелік кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов өзінің жетінші жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Детройт қаласында өткен жекпе-жекте ақтөбелік бір минутқа жетер-жетпес уақытта қарсыласын нокаутқа жіберді.

    Бұл жекпе-жекте Бахтиярдың қарсыласы бірнеше рет ауысқан. Онымен жекпе-жекке шығатын қарсыластардың бірнешеуі бас тартып, тек біреуі ғана келіскен. Осындай түсініспеушілік салдарынан, Бахтиярдың қарсыласының есімі ақырғы сәтке дейін беймәлім болып қалды.
    64 келі салмақта өнер көрсететін Райан Хогансты Бақтияр Эюбов 30-шы секундта нокаутқа аттандырды. Бірнеше ауыр соққыдан кейін, Бахтиярдың қарсыласы бүйірден тиген соққыдан ес жия алмай қалды.
    Бахтияр Эюбов бұл жеңісін өзін қолдаушы Алланың ризашылығына арнаған. “Керек.info” тілшісіне Бахтияр Эюбов туған жері Ақтөбені сағынып жүргенін де айтты.
    - Маған сенім артқан Дмитрий Салита мен Евгений Рывкинге алғысым шексіз. Алға қойған мақсаттарым өте көп. Атақты қарсыластармен жұдырықтасқым келеді. Бірақ, әлі ертелеу екенін түсінемін. Отбасымды, анамды, Ақтөбемді сағындым. Үй-ішімен айына бір-екі мәрте хабарласып тұрамын. Анам менің жекпе-жектерім туралы алдын ала естігенде көзіне жас алып отырады екен. Сондықтан оны көп уайымдатқым келмейді, -дейді боксшы.
    Айта кетейік, боксшы осымен жеті жекпе-жек өткізіп, жетеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Оның еншісінде ұзақтығы 3 секундқа созылған рекордтық жекпе-жек бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бахтияр Эюбовтың алтыншы жеңісі
  • Бахтияр Эюбов: Барлығына рақмет!
  • Бахтияр Эюбов: Мен бокстеспеймін, мен төбелесемін
  • Бахтияр Эюбов спорттық мансабын жалғастырады
  • Қанат Ислам колумбиялық боксшыны нокаутқа түсірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге