Бахтияр Эюбов тағы да жеңіске жетті

    Бахтияр Эюбов тағы да жеңіске жетті

    Ақтөбелік боксшы АҚШ-та мансабын жалғастырып жатқанын осыған дейін де бірнеше мәрте хабарлаған болатынбыз. 25 тамыз күні боксшы өзінің кезекті 8-ші жекпе-жегіне шығып, нокауттар санын көбейте түсті.

    Шетелдегі бокс турнирлеріне көрермен болып барып жүрген боксшының өзі де үлкен рингке шығар күні алыс емес деп үміттенеді. 25 тамызда Salita promoutions ұйымдастыру комапаниясының өкілі ақтөбелік Бахтияр Эюбов сегізінші рет жекпе-жекке шықты. Америкалық қарсыласын екінші
    раундта техникалық нокаутқа жіберген ол қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында 100% пайыздық нокаут көрсеткішіне қол жеткізіп, бірінші орында тұр. Аталмыш тізімнің екінші сатысында 6 кездесуде 6 нокаут жасаған Радмир Ахметов, үшінші сатыда 91% пайыздық көрсеткішпен Геннадий Головкин (33-30 Ко) тұр.

    Бахтиярдың Бруклин қаласында өткен жекпе-жегіндегі қарсыласы америкалық Кори Вом Баур болды. Қазір АҚШ-тың Бруклин қаласында жүрген боксшы өзі жаттығатын спорт залына Ақтөбеден ала кеткен көк байрағын іліп қойғанын айтады.

    АҚШ тұрғындары сүйіп қарайтын спорт түрі – бейсбол. Аталмыш ойынның бірінде Бахтияр қадірлі қонақ болып, матч алдында доп лақтыру мәртебесіне ие болған. Боксшының айтуынша, одан қолтаңба алатын бруклиндік тұрғындар саны артып келеді.

    Өзінің келісімшарт жасасқан Salita promoutions ұйымдастыру компаниясының жарнамасына да түскен ақтөбелік боксшы, шетелдік БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп те үлгерді. Керек.info тілшісіне хабарласқан Бахтияр жерлестеріне сәлем жолдап, видео жіберді. Аталмыш видеода ол Ақтөбені, Қазақстанды сағынғанын айтады. Бұл видеоны kerek-info.kz сайтынан көруге болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жетінші нокаут
  • Бахтияр Эюбовтың алтыншы жеңісі
  • Бахтияр Эюбов: Барлығына рақмет!
  • Бахтияр Эюбов: Мен бокстеспеймін, мен төбелесемін
  • Бахтияр Эюбов спорттық мансабын жалғастырады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге