Ырғыз өзеніне үш бала батып кетті

Бір-бірін құтқармақ болған балаларды аман алып қалу мүмкін болмаған.

 Айгерім ЖҰМАБАЕВА

@aiko_zhumabaeva91

 

4 маусым күні сағат 19.00-де Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Ырғыз ауданы Ақши ауылынан бір шақырым жерде Ырғыз өзенінде үш баланың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2016, 2017 және 2018 жылғы  төрт бала су қоймасының жағасында ересектердің қарауынсыз ойнаған. Олардың бірі суда шомылуға секірген, кейін суға батып кеткен. Қалған екеуі досының суға батып бара жатқанын көріп, көмектесу үшін суға кірген. 2016 жылы туылған төртінші бала, көмек шақыру үшін ауылға қарай бет алған. Бірақ оқиға орнына ауыл тұрғыны келгенде, балаларды құтқару мүмкін болмады.

 

Әлеумет
12:00, 13 июнь 2022
1 318
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив