“Автопарк” жұмысшыларын ақысыз демалысқа жібере бастады

    Ақтөбедегі автопарк жұмысшыларының 10 пайызы ақысыз демалысқа жіберілді. Бұған кәсіпорынның қарызға белшесінен батуы себеп болып отыр.

    Қазір “Автопарк” ЖШС қарызы 200 млн теңгеден асып кеткен. Қарызға белшесінен батқан кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлей алмай отыр. Сол себепті жұмысшылардың 10 пайызы ақысыз еңбек демалысына жіберілді.

    -Мекеменің жұмысы тоқтаған жоқ. Дегенмен әріптестеріміздің алдында берешегіміз көбейіп барады.Сол себепті олар көлікке қажетті жаңа құрал-жабдықтарды беруден бас тартып отыр. Ескі-құсқымен лаждауға мәжбүрміз. Жұмыс жоқ. Сол себепті автослесарь, темір жонушы секілді жұмысшы мамандар өз еріктерімен ақысыз демалысқа кетіп жатыр. Оларға екі айдан бері еңбекақы төленген жоқ. Күнбе-күн түскен пайдадан жүргізушілердің жалақысы мен жанар-жағар май ақысын ғана айырып отырмыз,-дейді “Автопарк” ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов.

    Жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындағы дағдарыс “Емшан” компаниясының басшысы Мейіржан Өндіргенов тұтқынға алынғаннан кейін басталды. Ақтөбенің автопаркі аталмыш компанияның иелегінде.

    Осы аптада сот Мейіржан Өндіргенов пен оның “сыбайласы” деп айыпталған Елдан Кузеевті күзетпен ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты. Олар тамыздың 30-ына дейін тұтқында болады.

    Бұл екі азамат 30 мамыр күні ұсталған еді. Ал 1 маусым күні сот “Емшан” компаниясының президенті мен мемлекеттік кіріс департаментінің бұрынғы қызметкерін тұтқынға алу туралы санкция берді. Содан бері екеуі тергеу изоляторында отыр.

    Кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов 2012 жылы Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. Мәслихаттың сайтындағы мәліметтерге қарағанда, 22 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады.

    Мейіржан Өндіргеновке Қылмыстық Кодекстің 194 бабының 4 бөлігінің 2 тармағы мен 115 бабы бойынша күдік келтірілуде. Яғни, ірі көлемде ақша бопсалады және қала тұрғынын қорқытып-үркітті деген айып тағылып отыр.

    Ал “танымал кәсіпкердің сыбайласы” делінген Елдан Кузеевке тергеу Қылмыстық Кодекстің "жалған кәсіпкерлікпен айналысу" бабы бойынша айып тағып отыр. Оны “Мейіржан Өндіргеновпен ауыз жаласып, қаржылық құйтырқы жасауына көмектесті” деген айыппен тергеп жатыр. Елдан Кузеев Ақтөбедегі салық департаментінде 2010-2012 жылдар аралығында басшылық қызметте болған.

    Тергеу материалдарына қарағанда, Елдан Кузеев өзінің қызметтік дәрежесін пайдалана отыра 2010 жылы бір топ адаммен алдын-ала сөз байласып, Астанада үшінші бір адамның атына ЖШС тіркеткен. Бұл кәсіпорын арқылы Мейіржан Өндіргенов басқарған “Емшан” компаниясының ақшасын қолма-қол қаржыға айналдырған. Екі жыл ішінде “Баян XXI” ЖШС мемлекетке ірі көлемде шамамен 52 200 000 теңге (қосымша құн салығы 12%),- 87 000 000 теңге (ұжымдық кіріс салығы 20%) залал келтірген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мейіржан Өндіргеновті қамауға алу мерзімі ұзартылды
  • “Тұтқындағы депутаттың сыбайласы” Кузеевті қамау мерзімі ұзартылды
  • “Автопарк”: Бар күш компаниядағы тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталып жатыр
  • Танымал кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов тұтқындалды
  • Облыстық мәслихат депутаты 2 айға тұтқынға алынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге