Ақтөбеде патриот жастар байқауы өтті

    Ақтөбеде патриот жастар байқауы өтті

    Қазанның 26 күні “Қазақстан халқы Ассамблеясының” ғимаратында “Егемен елдің еңсесі биік” атты әскери-патриоттық байқау өтті.

    Бұл шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық бас-тамаларын дамыту арқылы жас ұрпақтың бойына патриотизмді дарыту. Нақтырақ айтқанда, жастар Ұлы Отан соғысымен байланысты әндерді шырқау мен сахналық қойылымдарды көрсету арқылы жеңістің оңайлықпен келмегенін түсінеді. Қыз-жігіттерге өздері сияқты қатарластары айтқан ақпарат әлдеқайда жеңіл әрі өтімді болары анық. Мұны Ақтөбе облыстық жас-тар саясаты мәселелері басқармасы да, облыстық жастар ресурстық орталығы да жақсы түсінеді. Сондықтан олар осындай шараларды жыл сайын ұйымдастырып келеді.

    Данияр Ізбасаров, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
    - Былтырғы байқау әскери эстафета форматында болса, биыл сахналық қойылымды негізге алдық. Жастар тарапынан бүгінгі байқауға қызығушылық өте зор. Шараның негізгі нысаны театралдық қойылым болғандықтан жастар театрлары өз өнерлерін халыққа паш етіп жатыр. Атап айтқанда, көптеген республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің “Тұмар” театры, С.Бәйішев атындағы универ-ситеттің “Алаш” жастар театры бар. Жастардың мұндай керемет өнерлері әрі қарай шыңдалып, кең түрде қолдау табады деп үміттенемін.

    Қанат Тәжігереев, Әуе Қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанты:
    - Бүгін мен және менің командам өз институтымыздың абыройын қорғауға келдік. Команда құрамында жеті адам бар. Өз өнерімізді халыққа көрсетіп, жүлде аламыз деген үміттемін. Сайыстың өзі бірнеше бөлімнен тұрады. Оның біріншісі - сәлемдесу, екіншісі - сахналық қойылым, ал үшінші турда ән айтамыз. “Ты только жди” атты әнді әзірлеп қойдық. Бұл әнді соғысқа бара жатқан сарбаз өзінің сүйіктісіне арнап, ораламын деп уәде береді. Мұндай байқаулардың өткізіліп жатқаны өте дұрыс деп есептеймін. Осындай жарыстар жастарды отансүйгіштікке баулиды.
    Байқауға жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 14 команда қатысты. Олар әскери-патриоттық тақырыптағы әндер орындап және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған театрландырылған қойылым көрсетіп, өзара бақ сынас-ты. Байқау нәтижесінде І орынға С.Бәйішев атындағы АУ «Алаш» тобы, ІІ орынға Ақтөбе техникалық колледжінің «Жеңіс» тобы, ІІІ орынға Т.Бигельдинов атындағы ӘҚК ӘИ «Әуе қырандары» тобы ие болды.

    Үздік өнер көрсеткен сайыскерлер түрлі номинациялар бойынша да марапатталды. «Үздік қойылым» номинациясы иегері болып Қ.Жұба-нов атындағы АӨМУ-ң «Тұмар» жастар театры аталды, «Үздік киім үлгісі» номинациясында Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Арлан» тобы, «Үздік әскери-патриоттық ән» номинациясында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «Темір жол тарландары» тобы, «Үздік топтық жұмыс» номинациясында Ақтөбе медициналық колледжінің «Сарбаздар» тобы марапатқа ие болды.

    «Тұмар» жастар театрының актері Ақжол Арыстанов байқаудың «Үздік актері» деп танылды. Барлық марапатталушылар бағалы сыйлықтар мен көрермендер ілтипатына ие болды. Нақтырақ айтқанда І орын үшін үй кинотеатры, ІІ орынға ноутбук, ІІІ орынды иеленген командаға видеокамера табыс етілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
  • Хромтаудың полициясы үздік шықты
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • Әскери кинофильмдер сахналанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге