Автобустағы акция

    Автобустағы акция
    Сурет Жастар ресурстық орталығынан алынды

    Өткен демалыс күндері Жастар ресурстық орталығының белсенділері “Үлкенге құрмет – кішіге ізет” атты шара өткізді. Олар “қоғамдық көліктерде егде адамдарға орын беру керек” деген ұранмен халықты мейірімді болуға шақырды.

    Бұл акцияға бір мезетте 200-ден астам жас қатысты. Акцияның мақсаты – үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету секілді ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, сақтау, насихаттау.
    -Осы шараға аязға қарамастан оқу орындарының студенттері, еріктілері келіп, өз үлестерін қосып жатыр. Жастарға мың алғыс! Мұндай акция жылына екі-үш рет өткізіледі. Бірақ бұдан басқа тұрақты түрде қарттар, балалар үйіне барып, сенбілік ұйымдастырамыз. Мысалы,
    18 қарашадағы сенбілікке 100-ден астам белсенді жас қатысты. Біз онда тыл және соғыс ардагерлерінің үйіне барып, үй шаруашылығына көмектестік те, үйіліп қалған қарларын тазалап бердік. Жастардың жұмысты құлшыныспен атқаратынын атап өткім келеді. Өйткені, Ақтөбенің еріктілері өздерін үнемі жақсы жағынан таныта біледі,- дейді облыстық жастар саясаты жанындағы ресурстық орталығының кеңесшісі Айгүл Бисембина.

    Дегенмен, автобустарда егде адамдарға орын бермейтін жас-тар ішінара болса да кездесетінін жасырмауымыз қажет. Әйтпесе, Ақтөбе облысының Жастар саясаты басқармасы мұндай мәселеге назар аудармаған да болар еді.
    - Қоғамдық көлікке мінгенде өтірік ұйықтап, немесе құлақшындарын бастыра киіп алып, түк байқамаған кейіпте отыратындар бар. Өз басым осындай жағдайларға бірнеше мәрте куә болдым. Сондықтан біздің еріктілеріміз “Үлкенге құрмет көрсет, үлкенге орын бер” деген мазмұндағы үнпарақтар таратып, өз замандастарын ізетті болуға шақырды. Мұны сырттай тамашалаған қариялар риза болып, баталарын беріп, мұндай іс-шараларды жиі өткізу керек деп айтып жатты,-деді облыстық жастар саясаты жанындағы жастар ресурстық орталығының бас маманы Айгүл Есетова.
    Оның ойынша, адамның саналы тұлға болып қалыптасуы үйдегі тәрбиеден бас-талады.
    - Сен сабақтан келе жатсың. Шаршадың. Отыра бер, орын берме, -деп баласын тәрбиелейтін ата-аналар да кездеседі. Бұл дұрыс емес. Егер әр ата-ана өз баласына “Үлкендерге орын бер, мейірімді бол” десе, қоғамның қалай жақсарып кеткенін байқамай қалатын едік. Мысалы, менің
    15 жастағы ұлым бір әжеге сөмкесін көтеруге көмектескенде қалай қуанғанын көрсеңіз. Бәрі тәрбиеге байланысты,-деп Айгүл Есетова өз ойын білдірді.

    Гүлмәриям Орынбасарова, “Тарлан” Ақтөбе көпсалалы колледжінің студенті:
    - Еріктілер тобын әкеліп отырмын. Бұл акцияның мақсаты – үлкендерді құрметтеуге, аялауға шақыру. “Автобуста телефонды, планшетті тастаймыз” деп айттым. Өйткені, заман талабына сай ақпараттық технологиялардың дамуы, инновациялық жаңалықтардың көбеюіне байланысты жастарымыздың үлкендерді құрметтеуге деген көзқарастары өзгеріп жатыр. Осындай акциялардың көбірек болуына тілектеспіз. Шараға жиі қатысып тұрамын.

    Ерлан Мұқанов, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті:
    - Біз Сақтаған Бәйішев университеті ректораты атынан осы іс-шараға қатысып жатырмыз. Біз мұндай шараларға белсене қатысамыз. Соның дәлелі – үнемі 10-15 бала шығып тұрады. Қазіргі жастар – болашақтың иесі. Үлкендерді құрметтеп, оларға сыйластықты арттыру мақсатында біз өзіміздің азаматтық позициямызды жарияладық. Замандастарымыз оны іліп алып кетіп, күнделікті дағдыларына айналдырады деп сенеміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастар СПИД-ке қарсы!
  • Ақтөбеде патриот жастар байқауы өтті
  • ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
  • Ерікті жастар ардагерлерге қол ұшын берді
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге