Шаруаның қамын күйттеген кооператив

    Шаруаның қамын күйттеген  кооператив

    Ақтөбе облысының фермерлері ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуде. Бүгінде өңірде 200-дей бірлестік құрылған. Негізгі бағыты –ет өндіру мен сүт өңдеу.

    Әйтеке би ауданының Әйке ауылында тұратын Оразбай Тұңғатаров биыл 2 шаруа қожалығы мен 20-ға жуық жеке тұлғаның басын біріктірген. Осылайша ол сәуір айында “Табыс және К” атты ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін құрды. Қазір бұл кәсіпорында 120 бас сиыр бар. Енді ол етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығын дамытуды қолға алуда. Бұл үшін ауыл тұрғыны жаз айында Алға ауданындағы “Актеп” ЖШС –нен абердин-ангус асыл тұқымды бұқаларды жалға алған.

    -Ауыл шаруашылығы саласын кооперативтерге біріктіру арқылы ілгері дамытуға болады. Болашақта етті бағыттағы ірі қара мал өсіруді жоспарлап
    отырмыз. Сондықтан биыл асыл тұқымды мал басын көбейту үшін “Актеп” ЖШС –нен абердин-ангус тұқымды 4 бұқаны жалға алдық. Өсімтал, күй талғамайды екен. Өте сапалы ет береді. Үш айдың ішінде әрқайсысы 20-25 келіден салмақ қосты. Алайда дала өртіне байланысты тұқым алу үшін жалға алынған асыл тұқымды малды ертерек қайтарып беруге мәжбүр болдық. Өйткені ол жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді екен,-дейді ауылшаруашылығы кооперативінің төрағасы.
    Ауылшаруашылығы кооперативі бұрынғы "Таланды" шаруа қожалығының негізінде құрылған. Қосқопа деген жерде орналасқан. Оның иелігінде бұрын 1000 гектар егістік алқабы мен 400 гектар шабындығы болған. Ал ауылшаруашылығы кооперативі құрылғаннан кейін тағы қосымша 1500 гектар жер иелігіне беріліпті. Ауыл тұрғыны ауылшаруашылығы кооперативіне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын айтады. Айтуынша, жақында “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Ақтөбе облысындағы филиалы арқылы жем-шөп шабуға қажетті бірнеше жаңа техника алған.
    -Биыл ауданда дала өртті болды. Тұтқиылдан келген тілсіз жаудың кесірінен қысқа деп жинаған жем-шөбіміз жанып кетті. Қазір қолдағы малды қыстан аман алып шығу үшін шөп шауып жатырмыз. Бұл үшін “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ Ақтөбе облысындағы филиалы 12 млн теңгеден астам қаржыға лизингке бірнеше техника алдық. Олардың ішінде Белоруссиядан шыққан МТЗ маркалы трактормен қоса шөп шабатын, тиейтін бірнеше жаңа қосалқы құрал-жабдықтар алдық. Ол үшін ауылдағы үйлерімізді кепілге қойдық. Бұл –өте жақсы мүмкіндік. Қазір өрттен аман қалған Қарашоқы деген жерден, сайдың бойындағы жерді шауып жатырмыз. Болашақта малды қыста ұстайтын жылы қора салмақпыз. Етті бағыттағы малды бордақылау үшін үшін құнарлы жем-жөп қажет. Сондықтан мемлекеттің көмегімен несие алып, өз жерімізде сұлы , арпа өсіргіміз келеді. Өйткені жем-шөпті сатып алсаң, еттің құны да өседі. Өзіндік құны арзан болған жағдайда ғана халықты қолжетімді мал өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз,-дейді ол.
    Ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысын кеңейткісі келген ауыл тұрғыны алдағы уақытта асыл тұқымды сиырларды да сатып алғысы келеді. Әзірге мал өнімдерін облыс деңгейіндегі жәрмеңкелерге шығарып жүрген оның болашаққа жоспарлары да көп.
    -Жұмысты жандандыру үшін алдағы уақытта асыл тұқымды 100 бас қашар алғымыз келеді. Бұл үшін мемлекеттен аз пайыздық мөлшерлемемен 70 млн теңге несие алуды жоспарлап отырмыз. Қазір мал басын көбейтіп, шаруашылығын кеңейтем дегенге қолдау көп. Отбасылық бордақылау алаңдары ашылып жатыр. Түсіне білген адамға ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігу арқылы біраз мәселені шешуге болады. Өйткені оның құрамында тек фермерлер ғана емес жеке тұлғалар, қарапайым қызметкерлер бар. Ертеңгі күні олар баққан малының өнімін арадағы делдалдарға жем болмай, өздері құрған кооператив арқылы нарыққа алып шығып, саудалай отырып, жағдайларын түзеуге мүмкіндік алады. Сол арқылы ауыл еңсесінің көтерілуіне жағдай жасайды. Жұмыссыз отырғандарды қызметке аламыз. Әзірге екі адамды жұмысқа алдық. Ауылдан шұжық шығарып, сапалы өнімді өзге өңірлерге де шығарғымыз келеді,-дейді ауылшаруашылығы кооперативінің төрағасы.
    Ауыл тұрғындарымен бірлесе кәсібін бастаған фермер келер жылы аулаларының асыл тұқымды төлге толатындығына сенімді. Енді ол мемлекеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау үшін бөлінетін субсидияны алуға үміттеніп отыр.

    Айта кетелік, бұған дейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев есеп беру кездесуінде мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өсімдік шаруашылығын дамытып, өңдеу, мал өнімдерінің өнімділігін арттырып, сапасын жақсарту, аймақтың экспорттық әлеуетін өсіріп, ауыл шаруашылығы кешенін тұрақты дамыту бойынша жұмыстар күшейтілетіндігін айтқан еді. 2017 жылдың соңына дейін 160 ауыл шаруашылығы кооперативін ұйымдастыру жоспарланған еді. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жүктемесін арттыру үшін кооперативтер базасы аясында қызмет көрсету-дайындау орталықтары ұйымдастырылады. Жоспарланған жұмыстар аясында 2017 жылы ет өңдеу 32 пайыздан 35 пайызға, сүт өңдеу 31 пайыздан 37 пайызға артады деп күтілген еді.
    Қазіргі таңда Ақтөбе облысында мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда ауылшаруашылық кооперациясы белсенді жүзеге асырылуда. Сонымен, бүгінде өңірде 170 –тен аса ауылшаруашылық кооперативі құрылған. Оның жүзге жуығы ет өндіру бағытында болса, қалғандары сүт пен көкөніс өндіру бағытында жұмыс істейді.

    Ақтөбе облысының ауылшаруашылық кооперативтері 2 700-ден астам жеке қосалқы шаруашылықты, 108 фермерлік шаруашылық пен 30 заңды тұлғаны біріктірді. Кооперативтер бүгінде 850 тоннаға жуық ет, 1500 тоннадан астам сүт пен 300 тоннадан астам өзге өнімдерді өндірді.
    Осы жылдың өзінде облыста 70 тен аса ауылшаруашылық кооперативі құрылған. Оларға бірнеше сүт таситын көлік, мұздату қондырғылары сатып алынды. Сондай-ақ мал сою орындары ашылып, шағын отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылуда. ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің айтуынша,ауылшаруашылығы кооперативтеріне бірігу аграрлық секторды қазіргі заманғы жағдайда дамытудың тиімді әдісі болып табылады. Өйткені мемлекеттік қолдаудың кейбір қызмет түрлеріне тек осындай кооперативтерге кіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ауылшаруашылығы кооперативтеріне бірігу ауыл тұрғындарына қосымша субсидиялар алуға, құрал-жабдыққа кеткен қаражаттың 50 пайызын қайтарып алуға, өз өнімдерін саудалайтын нарықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындарына бірігу арқылы фермерлер заманауи техникаларға қол жеткізе алады. Ол техника бүгінгі күнде өте қымбат тұратындықтан, кез келгені сатып ала алмайды. Кооператив ерікті түрде кіруге, демократиялық басқаруға негізделген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шаруасы өрге басқан қожалық
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Темірліктер алда келеді
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге