Ақтөбеде доңыз тұмауының вирусын жұқтырғандар саны 31-ге жетті

    Ақтөбеде H1N1 вирусын жұқтырғандар саны 31-ге жетті. Олардың барлығы облыс орталығынан. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербай хабарлады.

    Мұхтар Сербайдың айтуынша, тұмауды болдырмаудың бірден-бір жолы - вакцинация. Доңыз тұмауын жұқтырған 31 ақтөбеліктің ешқайсысы вакцина салдырмаған. Вирус жұқтырғандардың барлығы облыс орталығының тұрғындары. Аудандардан әзірше доңыз тұмауы тіркелген жоқ.

    - Екпе аса қымбат емес. Оған жұмсалған қаражат ауырған кезде кететін шығыннан 35-40 есе аз. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Тұмау әсіресе, қалалық жерде көп болады. Оған себеп те жоқ емес. Қалада адамдар тығыз қоныстанған. Ауру қоғамдық көлікке мінген адамдардан бір-біріне тез таралады,-дейді Мұхтар Сербай.

    Эпидемиолог маман доңыз атауымен байланысты тұмаудың соңы пневмонияға апаратынын жеткізді. Сондықтан ауырып қалған жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек. Үй жағдайындағы өзін-өзі емдеудің соңы жақсылыққа апармайды.

    Мұхтар Сербай күннен-күнге ауру жұқтырғандар көбейе түскен жағдайда эпидемия жарияланатынын айтты. Әзірше жағдай бірқалыпты.Эпидемиологиялық ахуал қатаң қадағалауға алынған. Өсім байқалмайды.

    Эпидемиологиялық маусым 2015 жылғы 1 қазанда басталған. Осы жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталады. Ақтөбеде осы уақыт аралығында H1N1 вирусын жұқтырған 31 адам тіркелген. Өткен аптада доңыз тұмауына шалдыққандар саны 28 адам болған еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 28 ақтөбеліктің ағзасынан доңыз тұмауының вирусы табылды
  • ҚЫЗЫЛША - ӨТЕ ҚАУІПТІ АУРУ
  • Ақтөбеде екі жүзден астам сәбидің іші өтті
  • Ақтөбеде елу шақты баланы кене шаққан
  • Ырғызда қырылған киік саны 1375-ке жетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге