Ақтөбеде 14 жастағы қыз жүкті болып қалды

    Ақтөбе облысында былтыр кәмелетке толмаған 63 жасөспірім жүкті болып қалды. Олардың арасында 14 жастағы қыз да бар. Бұл жөнінде облыстың штаттан тыс гинекологы Мақсат Серғазин айтты.

    Ақтөбеде “Бала – өмірдің гүлі” атты акция жүріп жатыр. Кәмелетке жасы толмағандарды бақылайтын инспекторлар, дәрігерлер мен прокурорлар мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында кездесулер өткізуде. Олар ерте жыныстық қатынасқа түсу мен жүктіліктің зияны туралы дәрістер оқуда.
    Өткен жылы 21 мектеп оқушысы өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен. 60 оқушы жүкті болып қалған. Облыстық ІІД инспекторы Марина Нұрымжанованың айтуынша, қазір кәмелетке толмаған 21 оқушыны жыныстық қатынасқа күштеп көндірді деген күдікпен тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда олардың көбісі екі жақтың татуласуымен сотқа жетпейтін көрінеді.

    Мамандар қыз балалардың ерте жүкті болуының жиілеп кеткендігін отбасындағы қарым–қатынастың аздығымен байланыстырады. Көбіне олар ақпаратты теледидар мен қатар құрбыларынан, мектептен алады.
    - Былтыр жүкті болған 60 оқушының 8-і жасанды жолмен түсік жасатты. Қалғандары балаларынан бас тартқан жоқ. Тең жартысы босанып, қалғаны босануға дайын-далып жүр. Ең кішісі -14 жаста. Мектеп оқушылары ерте жүктілікке дайын емес. Кей жағдайда ерте жүкті болған қыздар жасырын, медициналық емес мекемеде түсік жасатып жатады. Мұның соңы жыныстық ауруларға, бедеулікке әкеп соғады. Ақтөбе мектептеріндегі 100 оқушы қыздың арасында сауалнама жүргізгенбіз. Сол кезде олардың тек үш пайызы ғана анасымен сырласатындығы анықталды. Көбіне жасөспірімдер ақпаратты жыныстық қатынаста болған құрбысынан, мектептен, одан қалды теледидардан алады. Бұл отбасында қарым-қатынастың аздығын көрсетеді,-дейді облыстың бас гинекологы Мақсат Серғазин.
    Жыл басынан бері үш оқушының аяғы ауырлағаны анықталды. Барлығы да ауданда тұрады. Әсіресе, дәрігерлер ерте жүкті болатын жасөспірімдердің Темір ауданында көптігін айтып, дабыл қағуда.

    Дәріс кезінде мамандар ерте жүкті болудың зиянын, некесіз жыныстық қарым-қатынас пен нәрестені өлтірудің қылмыс екенін түсіндірді. Заң қызметкерлері қыздарға арам ниетті адамдардан сақтанудың жолдарын үйретті.

    - Бейтаныс жандармен сөйлесуге, оларды үйге кіргізуге болмайды. Ата-анаң мен туысың қасыңда болмаса, танымайтын адамның көлігіне мінбеу керек. Көршілерің, туыстарың ішімдік пен есірткіге әуес болса, олардан қашық жүрген жөн. Себебі, осындай адамдардың кесірінен кішкентай балалар зиян көреді,- дейді Марина Нұрымжанова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жүкті әйелді зорлаған таксистің соты басталды
  • Маман: Жасөспірімдер 12 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі
  • Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды
  • 350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр
  • Назарбаев жасөспірімдердің өзіне қол жұмсап, кәмелетке толмағандардың күштеп жыныстық қатынасқа түсуіне алаңдаушылық білдірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге